Жүкті әйелдерге жол ақысы тегін екен
Біздің Желаевтың автобусы жайлы әңгімем. 14маршрут 1графикпен жүретін автобустың кондукторы жайында жазғым кеп тұр. Қазақ жігіт кірген, шыққан кісілермен қазақша емін еркін әңгімелеседі, ол олма өзі автобустың ішіне заңдылықтар орнатыпты. 1Інші , Жүкті әйелдерге жол ақысы тегін. 2Інші белгілі бір апта соңында 14жасқа дейінгі балаларға тегін жол ақы. Боран, жауын болсын ешкімді далада қалдырып көрмеді. мен.: Ағамды әңгімеге тарттым.: мен: Аға ассалаумағаликум, ағай: Уағалейкум ассалам. Мен:аға шынымен жүкті әйелдерге тегінбе? жаңағы жасөспірімдерге, әлде пиар хотпа? ағай: қой пиар миарыңды білмеймін, жүкті әйелдерге тегін, қазақ боп қазақтың санын көтеруіміз керек, олар риза менде риза дейді.Тек қазақтың емес жалпы қазақстанның санын көтеруге атсалысу керек деді. Мен: күлімсіреп риза боп ағама түсіп кеттім. арада бір жұма өтті, сол автобусқа қайта отырсам, жаңағы Жүкті әйелдерге тегін дегеннің астына, кітап оқыңдар деп тағы бір хабарлама іліп қойыпты. Бұл өте керемет дүние. ( Сөз арасы екі әйел мінді автобусқа, екеуіде жүкті отырып жайғасқан соң жаңағы хабарламаларды көріп, шынба өтірік болар деп бір біріне қарайды, Кондуктор ағай: шын басқа автобустарды білмеймін менің графигімде тегін деді. Ел алғыс жаудыруда ) Менде ішімнен риза болып ағайға кетерде қолын алдым. Сөз соңы қарапайым дүние, адамгершіліктің биік тұлғасын көрдім. Сіздерге сол автобус ішіндегі хабарламар суретпен, ой қосып пікір қалдырыңдар. Мен үшін (герой) адам осы кісі. Есімі Талғат, тегін сұрамаппын.