Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық жасөспірімдерге қандай жұмыстар істеуге болады

Қазақстандық жасөспірімдерге қандай жұмыстар істеуге болады

Қазақстандық оқушылардың каникулы жалғасуда және жаңа оқу жылына дейін әлі бір жарым ай бар.
ҚазАқпарат тілшісі қаражат пен тәжірибе жинағысы келетін жасөспірімдерге қалған демалысты тиімді өткізу жолдарын ұсынады. Қай жастан бастап жұмыс істеуге болады Заң бойынша, Қазақстанда барлық балаларға жұмыс істеуге болады, бірақ сала мен жасқа байланысты шектеулер бар. 14 жасқа дейінгі балалар кино, театр, цирк саласында дұмыс істей алады. Әйтсе де мұнда баланың денсаулығы мен адамгершілік дамуына залал келмеуі тиіс. Ал 14 жастан бастап, мектеп оқушылары сабақтан бос уақытында, денсаулығына зақым келмейтін жағдайда жұмыс істей алады. 15 жастан бастап, негізгі орта және жалпы орта білім алған жас қазақстандықтардың жұмысқа орналасуға құқығы бар. Мұнда еңбек келісімшартына ата-ана немесе баланың қамқоршысы, асырап алушысы қол қоюы тиіс. 16 жастағы жасөспірімдер ата-ана қолынсыз келісімшарт бекіте алады. Әйтсе де, бұл жаста ауыр жұмыспен, денсаулық пен рухани дамуына қауіпті және зиян ортада жұмыс істеуге тыйым салынған. Сондай-ақ, бұл жаста жұмыс берушінің меншігін күзететін, толық материалдық жауапкершілігі бар лауазымдарда жұмыс істеуге болмайды. Кәмелет жасына толмағандарға тыйым салынған жұмыстар Қазақстан заңнамасына сәйкес, 18 жасқа толмаған балаларды құмар ойын бизнесіне, түнгі көңіл көтеру орындарына, өндіріс пен алкоголь, темекі, есірткі өнімдерін саудалауға шақыруға болмайды. Кәмелеттік жасқа толмаған қазақстандықтарға 4,1 келіден ауыр заттарды көтеру және тасу жағдайында жұмыс істеуге болмайды. 14-16 жастағы жасөспірімдерге аптасына 24 сағаттан артық жұмыс істеуге болмайды. 18 жасқа толмаған балаларға жоспардан тыс қосымша жұмыстарды жүктеуге және жыл сайынғы еңбек демалысынан шақырып алуға және вахталық әдіспен жіберуге болмайды. Жұмысты қайдан іздеу керек Жасөспірімдер үшін жұмыс іздеудің қауіпсіз жолы - жұмыспен қамту орталығына бару. Мәселен, Астанада мектеп оқушылары Алматы аудандық салық бөлімшесіне жіберілді, онда балалар курьерлік қызмет атқарды. Оқушылардың тағы бір бөлігі «Жасыл ел» қатарын толықтырды. Онда жасөспірімдер ағаш пен гүл отырғызып, суарумен айналысты. Кейбірі Ботаникалық саябақтың ашылуына волонтер болды. Жасөспірімдер үшін enbek.kz, headhunter.kz ресурстарынан жұмыс іздеу аса қолайлы емес. Іздеу тарауында жасөспірімдерге арналған графа жоқ. Десе де, жұмыс өтілі талап етілмейтін, уақытша жұмыс кестесі бар бос орындар арасында промоутер, актер-аниматор, тағылымдамадан өтушілерді шақырған хабарландырулар бар. Неге мән беру керек Жұмыс беруші кәмелеттік жасқа толмаған баламен еңбек келісімшартын бекітуі тиіс. Егер жұмыс беруші келісімшарт жасаспаса, айыппұл салынады. Лауазымды тұлғалар үшін салынатын айыппұл көлемі - 50 АЕК, шағын кәсіпкерлік пен коммерциялық емес ұйым субъектілері үшін - 80 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін - 150 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін - 200 АЕК дейін барады. Сол себепті, заңнама бұзылған жағдайда сәйкес шағыммен еңбек инспекциясы органдарына жүгінген жөн.
inform.kz
25 шілде 2018 ж. 1 597 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930