EdTech: Білім саласындағы технологиялар заманы
Фото
Соник, Сега, Денди, Тетрис. Бұл біздің бала күнгі қолданған «Айпадымыз». Бұлар бір көшедегі бір үйде ғана болатын. Ауылдың қара домалақтары жиналып, таласып ойнап, күн ұясына батқанда тарқайтын. Ал мектепке жаңа компьютер келсе мұғалімдердің өзі балаша қуанатын. «Интерактивті тақта келді» дегенде «ол не екен?» деп таңданатынбыз. Тіпті әрбір үйде шот есептеуіш ілініп тұратын. Қазір қалтафон функциясынан кез келген керегіңді қиналмай табасыҢ. Қысқасы, біз білетін тінтуірді сонау 1968 жылы Дуглас Энгельбарт есімді өнертапқыш ойлап тапқан. Сол кездің өзінде ол алақандай тінтуір жайлы айтып қана қоймай, терезе интерфейсін, гипермәтін, видеоконференция, мәтіндік редакторлар хақында презентация жасап, қорғап шыққан екен. Алайда өнертапқыштың ұсынысы технологиялық индустрияға бірден ене қоймады. Жаңа идея ойлап, оны ұсыну оңай болса, дамыту әлдеқайда қиын. Бүгінгі қаузайтын тақырыбымыз білім беру саласындағы Ed-Tech индустриясы жайында болмақ. Оның әлемде және елдегі қарқыны қандай? Өзіміздің аймақта ше? Білім беру саласына жаңа технологиялар енгізіп, одан қалай оң нәтиже алуға болады?
Одри Уотерстің «Білім беру технологияларының құбыжықтары» деген кітабынан хабарыңыз бар ма? Бұл заманауи технологияларды білім саласында қолдануға септігін тигізетін бірден-бір құрал. Кітаптың жалпы мазмұны мынадай: «Мектепке iPad әкелу қиын емес, қиыны – оның көмегімен бірдеңе істей алу. Білім беру технологияларының атасы деп Алан Кейді айтып жүрміз. Ол балаларға арнап Dynabook компьютерін ойлап тапқан. 1972 жылы Алан Кей «Барлық балаға арналған дербес компьютер» дейтін манифесін жариялады. Кей оны қалай көргенін айтайық па? Сипаттамасы шамамен мынадай: көлемі қазіргі ноутбуктен кішірек, салмағы 2 келіден аспайтын, желімен байланыстырылған. Бағасы 500 доллардан арзан. 1972 жылы (iPad-тың шығуынан 40 жыл бұрын) Алан «Біздің технологиялар барлық бала мен ата-анаға Dynabook-ті қалаған жерінде қолдануға мүмкіндік береді» деген екен. Білім беру технологияларының тарихы да, компьютерлік технологиялар тарихы сияқты тамыры тереңге жайылған. Бұл екі саланың бір-бірімен тығыз байланысты болуы – технологияға құрылуында. Екеуі де білім беру мекемелерінде жасалатын ғылыми-зерттеу жұмыстарына тәуелді».
Технологиялық индустрия мен білім беру секторының ерекшеліктері әр түрлі. Мәселен, технологиялық компаниялар жаңа өзгерістерге дайын болса, білім беру орындары қағазбастылыққа тұралап қалған. Уақыт өткен сайын бұрын-соңды миға қонымсыз көп дүниені еріксіз қабылдайтын болдық. Алдыңғы ғасыр адамы көк сиямен ақ параққа жазғанына қуанса, бір ғасырдан соң калькулятор пайда болды. Ал, бүгінгі түрлі смартфонның өмірімізге қалай еніп кеткенін де аңғармай қалдық.
Әлемдегі жағдай әр түрлі. Бірі – алдыға жылжып кетсе, бірі – енді даму үстінде. Былтырғы білім беру саласына бөлінген қаражаттың басым бөлігі америкалық стартаптарға берілген. Оны жеке білім беру несиелері, онлайн-білім беру, емтиханға дайындық, сыни ойлау курстары, түрлі біліктер үйретуге бағыттаған. 2011-2016 жылдары АҚШ-та жалпы әлемдік көрсеткіштің 67 пайызын құрайтын 1300 келісім жасалған екен. Яғни, инвестор мен стартаптар арасындағы бірлескен жұмыстар жүргізілген. Қазіргі таңда Udemy, Udacity және PluralSight сынды онлайн білім беру платформаларының бағасы 1 миллиард долларға бағаланады. Бұл салада Ұлыбритания да бар. Ed-Tech UK мәліметтері бойынша, бүгінде елде 1200-ге жуық компания белгілі. Еуропадағы барлық инвестицияның 34 пайызы Ұлыбританияға тиесілі. Жыл сайын Ed-Tech-ке 300 миллион фунт стерлинг жұмсалады. Мәселен, танымал білім беру қосымшаларының бірі – Kahoot. Бір айда қолданушылар саны 50 миллионға жетеді деседі. Осының арқасында компания 20 миллион фунт стерлинг табыс тапқан екен.
Бірі алдыңғы қатарлы көшбасшы болса, әупірімдеп қадам басып келе жатқандары да бар. Мәселен, Африкадағы онлайн білім беру нарығы 2013 жылы 355 миллион доллар болған. Себеп – халықтың тек 29 пайызына ғана интернет қолжетімді. Сонымен қатар, 128 миллион баланың 17 миллионы мүлдем мектепке бармайды екен. Қалған 37 миллионы бала еңбегі мәселесіне байланысты бастауыш білімді де ала алмайтын көрінеді. Алайда, мобайл білім беруге күш салуға болады. Себебі, телефон нарығы Африкада қарқынды өсіп келеді. Айталық, балаларды SMS арқылы оқытатын Rethink Education деген мобайл білім беру платформасы жұмыс істейді. Посткеңестік елдер ішінде басты драйвер – Ресей. Білім беру нарығы 2016 жылы 29 миллиард доллар болса, оның 1,1 пайызы немесе 334 миллион доллары – онлайн оқыту. 2021 жылға қарай 2,6 пайызға көбейген екен.
Инвестиция көлеміне қатысты нақты цифрлар айту қиын. Көлемі бойынша жекелеген кейсті көз алдыңызға келтіріп көрелік. Халықаралық қаржыландыруға қол жеткізген жобалардың ішінде Robo Wunderkind бар. Бастапқыда 10 мың доллар көлемінде «көмек» алған. Осылайша, 2015 жылы команда Kickstarter-ға шығып, 246,6 мың доллар инвестицияға қол жеткізген. Бүгінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білім беру процесіне енгізу мақсатында мемлекеттік бағдарламалар қолға алынуда. Мұның барлығы да ғылым мен білімнің дамуына бағыт-талған. 2019 жылда аталған технологияларды білім беру үдерісіне 90 пайыз араластыру болған. «Цифрлы Қазақстан» нысаны осыны көздеген.
2-3 ақпан Алматы қаласында Digital Almaty 2023 халықаралық tech форумы өтті. Форумда цифрландыру саласындағы үздік компаниялар марапатталды. Соның ішінде, Bugin Holding компаниясына қарасты Daryn.online платформасы жыл қорытындысы бойынша «Ең үздік EdTech жоба» номинациясын жеңіп алды.
EdTech (қаз. білім беру технологиялары) – білім беру саласындағы заманауи технологияларды біріктіретін инновациялық шешімдер. Бұл номинация инновациялық тәсілді қолданып, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешетін және ең үздік сапалы қызмет көрсетуші жобаға беріледі. Номинацияны Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинян табыстады.
Bugin Holding – өз экожүйесін қалыптастырған, заман талабына сай жабдықталған еліміздегі алғашқы қазақ тілді IT компания. Холдингтің ІТ нарығында танымал бірнеше жобасы бар: Ма-Ма!, OrdaGen, Daryn.online, Daryn Teacher, Educenter, Bugin.kz және т.б.
Осы жобалардың ішінде ең танымалы: 4 млн-нан астам оқушы мен ұстазға қашықтан сапалы білім беруді қамтамасыз етіп отырған Daryn.online платформасы. Өткен 2022 жыл Daryn.online үшін табыс пен тәжірибеге толы болды: Компания 2,4 млн доллар инвестиция тартты, Prometheus School-дың құрылтайшысы атанып, еліміздегі алғашқы гибридті мектеп идеясын жүзеге асырды, мектеп процестерін автоматтандыруға (LMS) арналған Daryn Pro жобасы іске қосылды, Daryn Teacher 2.0 іске қосылып, оқушылар 180 000+ рет мектеп сабақтары бойынша қиындық тудырған сұрағына жауап алды, Daryn Tutor 3 117 астам жаңа репетитор қосылып, 2 261 оқушы өзіне жақын аймақтан репетитор тапты, білім алушыларға контентті ойын методикасы арқылы беруге арналған Daryn GO жобасы іске қосылды, оқу процесін тежейтін күрделі тапсырмаларды шешудегі көмекші Daryn Help жобасы іске қосылып, 10 000-нан астам сұраққа жауап берілді, Daryn.online қызметтері білім алушылар арасындағы бағалау бойынша (NPS) 82% қолданушының көңілінен шықты, онлайн білімді одан да сапалы әрі қолжетімді ету мақсатымен және платформа қолданушыларының сұрауымен әр пән бойынша көмекші куратор қосылды, Daryn.online платформасында өткізілетін олимпиада Қазақстандағы ең танымал әрі жиі тапсырылатын олимпиада атанды. 87 500 оқушы мен 34 800 мұғалім олимпиадада бақ сынады, Daryn.online-мен 14 429 оқушы ҰБТ-ға дайындалып, оның 75,2%-ы грантқа түсті және байқау сынағы 345 026 рет тапсырылып, орташа көрсеткіші 72,6 баллды құрады.
«Daryn.online-ның алдағы жоспары: еліміздегі сәтті жобаларды шетел нарығына экспорттау. Біз қазір Өзбекстан нарығына ағылшын тілін енгізіп жатырмыз, ал Сауд Арабиясы мен Индонезия нарығына математика пәнін (iDaryn) біздің қалыптастырған методикамен сол елдің тілдерінде жасаудамыз. Білім бізді біріктіреді, біз бұған сенеміз», – дейді Daryn.online платформасының негізін қалаушылардың бірі Айбек Қуатбаев.
Daryn.online миссиясы – сапалы білімді қолжетімді ету, еліміздегі білім сапасын арттыру жолында жаңа технологиялар мен инновацияларды жасау. Кез келген оқушының білім алып, ұстаздың сабақ беріп және ата-ананың дамуы үшін Daryn.online заманауи шешімдер қабылдап, алға қойған жоспар бойынша жұмыс істеуге әзір.
Алдағы бес жылда бұл нарықтағы орташа өсу қарқыны жылына 15,22%-ды құрайды, деп отыр сарапшылар, бұған, негізінен, онлайн білімнің жеделдеп дамуы септік етсе керек. Айта кетейік, жаһандық білім беру технологиялары нарығының көлемі 2022 жылы $297,56 миллиардқа бағаланған болатын.
EdTech, яғни білім беру технологиялары нарығы – білім беру және оқыту тәжірибесін жақсарту барысында жаңа технологияларды қарқынды қолданып, дамып жатқан сала. Бұл нарықта білім саласындағы кез келген қажеттілікті қанағат етуді көздейтін әртүрлі цифрлық құралдар, платформалар, қызметтер кеңінен ескерілген. Оның ішінде, жалпы білім беруден арнайы және жоғары білімге, корпоративтік оқыту мен өмір бойы оқу мүмкіндігіне дейін. Бұған, әрине, цифрлық құрылғы, девайстардың, интерактивті дисплейлер мен SD-карталардың кең таралуы мен интернетпен қамтылу көрсеткіші, жасанды интеллектіні ендіру және мәліметтерді талдау жетістіктері секілді технологиялық жаңалықтар септік етуде.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің бизнес-инкубаторы және Қызылорда облысының ақпараттық технологиялар орталығының базасында стартаптар мен новаторларды қолдау және дамытуға арналған Kyzylorda Hub стартаптар технопаркі ашылды. Тиімді стартаптарды құруда, инвестиция тартуда көмек беретін бизнес-инкубатор Astana Hub халықаралық стартаптар технопаркінің Қызылорда облысы бойынша өңірлік хабы ретінде жұмыс істейді.
Kyzylorda Hub басты мақсаты – өңіріміздегі инновациялық жобаларды дамыту, аталмыш бағыт бойынша кадрлар даярлау және білім беру. Стартаптар, инвесторлар, менторларды бір жерде түйістіруге бағытталған орталыққа қосыламын деушілерге мүмкіндіктер қарастырылған. Стартап жобаларды дамыту барысында инкубациялық кезеңде кәсіпкерлік білімін, жобалардың прототипін, инвестиция тартуға, қаржылық есеп жүргізу және PR бағыты бойынша қолдау көрсетіледі.
Astana Hub технопаркімен серіктестік аясында мектеп және колледж бітіруші түлектер арасындағы облыстық стартап жобалар байқауы «Startup Talapker», үздік стартап жобаларды анықтауға, дамудың жаңа деңгейіне шығуына қолдау көрсетуге, үздік жобаларды марапаттауға арналған «Idea Battle» байқауы және «Startup Joly» инкубациялық кезеңі ұйымдастырылады. Сонымен қатар, өз стартап жобасын бастағысы және өз ісін дамыту бойынша білім алғысы келетін азаматтарға арналған онлайн білім беретін «Startup School», кодты пайдаланбай IT өнімді әзірлеудің жаңа дағдысын көрсететін «No Code» курстарымен қатар технологиялық кәсіпкерлік бойынша студенттерге арналған «Startup Academy» бағдарламасы іске асырылады.Қызылорда облысының ақпараттық технологиялар орталығының қолдауымен өңірде Smart city Hackathon, Pecha Kucha Night, Innofest Kyzylorda 2024 инновациялық жобаларды дамыту бағытындағы іс-шаралар ұйымдастырылады.
Айта кетейік, жастар кәсіпкерлігі концепциясы аясында университет студенттері мен оқытушылары үшін стартап жобаларын әзірлеуге бағытталған, өз істерін бастауды қалайтын, бірақ мүмкіндігі жоқ жас кәсіпкерлерді қолдау және нәтижелі өндіріс құруда көмек көрсету мақсатында құрылған Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің бизнес-инкубаторы 2017 жылдан бастап жұмыс істейді. Инкубатордың жалпы жұмыс барысында 139 резидент пен 7 600 жас қамтылды.
Түйін
Қазір білім беру саласында инновациялар мен технологиялар заманы жүріп тұрған шақ. Алдағы уақытта бұл салада жасанды интеллектке негізделген шешімдер мен ұсыныстар кеңінен ендіріле бастайды. Жалпы білім беру саласының болашағы ұзаққа негізделген технологиялық жетістіктермен, оқу парадигмаларының өзгеруімен және икемді де қол жетімді білім беру әдістерінің қажеттілігімен айқындалуы мүмкін. Сол үшін жаңа технологияға деген қарымды қанаттандырғанымыз абзал.
Соник, Сега, Денди, Тетрис. Бұл біздің бала күнгі қолданған «Айпадымыз». Бұлар бір көшедегі бір үйде ғана болатын. Ауылдың қара домалақтары жиналып, таласып ойнап, күн ұясына батқанда тарқайтын. Ал мектепке жаңа компьютер келсе мұғалімдердің өзі балаша қуанатын. «Интерактивті тақта келді» дегенде «ол не екен?» деп таңданатынбыз. Тіпті әрбір үйде шот есептеуіш ілініп тұратын. Қазір қалтафон функциясынан кез келген керегіңді қиналмай табасыҢ. Қысқасы, біз білетін тінтуірді сонау 1968 жылы Дуглас Энгельбарт есімді өнертапқыш ойлап тапқан. Сол кездің өзінде ол алақандай тінтуір жайлы айтып қана қоймай, терезе интерфейсін, гипермәтін, видеоконференция, мәтіндік редакторлар хақында презентация жасап, қорғап шыққан екен. Алайда өнертапқыштың ұсынысы технологиялық индустрияға бірден ене қоймады. Жаңа идея ойлап, оны ұсыну оңай болса, дамыту әлдеқайда қиын. Бүгінгі қаузайтын тақырыбымыз білім беру саласындағы Ed-Tech индустриясы жайында болмақ. Оның әлемде және елдегі қарқыны қандай? Өзіміздің аймақта ше? Білім беру саласына жаңа технологиялар енгізіп, одан қалай оң нәтиже алуға болады?
Одри Уотерстің «Білім беру технологияларының құбыжықтары» деген кітабынан хабарыңыз бар ма? Бұл заманауи технологияларды білім саласында қолдануға септігін тигізетін бірден-бір құрал. Кітаптың жалпы мазмұны мынадай: «Мектепке iPad әкелу қиын емес, қиыны – оның көмегімен бірдеңе істей алу. Білім беру технологияларының атасы деп Алан Кейді айтып жүрміз. Ол балаларға арнап Dynabook компьютерін ойлап тапқан. 1972 жылы Алан Кей «Барлық балаға арналған дербес компьютер» дейтін манифесін жариялады. Кей оны қалай көргенін айтайық па? Сипаттамасы шамамен мынадай: көлемі қазіргі ноутбуктен кішірек, салмағы 2 келіден аспайтын, желімен байланыстырылған. Бағасы 500 доллардан арзан. 1972 жылы (iPad-тың шығуынан 40 жыл бұрын) Алан «Біздің технологиялар барлық бала мен ата-анаға Dynabook-ті қалаған жерінде қолдануға мүмкіндік береді» деген екен. Білім беру технологияларының тарихы да, компьютерлік технологиялар тарихы сияқты тамыры тереңге жайылған. Бұл екі саланың бір-бірімен тығыз байланысты болуы – технологияға құрылуында. Екеуі де білім беру мекемелерінде жасалатын ғылыми-зерттеу жұмыстарына тәуелді».
Технологиялық индустрия мен білім беру секторының ерекшеліктері әр түрлі. Мәселен, технологиялық компаниялар жаңа өзгерістерге дайын болса, білім беру орындары қағазбастылыққа тұралап қалған. Уақыт өткен сайын бұрын-соңды миға қонымсыз көп дүниені еріксіз қабылдайтын болдық. Алдыңғы ғасыр адамы көк сиямен ақ параққа жазғанына қуанса, бір ғасырдан соң калькулятор пайда болды. Ал, бүгінгі түрлі смартфонның өмірімізге қалай еніп кеткенін де аңғармай қалдық.
Батыстағы басымдық бағамы
Әлемдегі жағдай әр түрлі. Бірі – алдыға жылжып кетсе, бірі – енді даму үстінде. Былтырғы білім беру саласына бөлінген қаражаттың басым бөлігі америкалық стартаптарға берілген. Оны жеке білім беру несиелері, онлайн-білім беру, емтиханға дайындық, сыни ойлау курстары, түрлі біліктер үйретуге бағыттаған. 2011-2016 жылдары АҚШ-та жалпы әлемдік көрсеткіштің 67 пайызын құрайтын 1300 келісім жасалған екен. Яғни, инвестор мен стартаптар арасындағы бірлескен жұмыстар жүргізілген. Қазіргі таңда Udemy, Udacity және PluralSight сынды онлайн білім беру платформаларының бағасы 1 миллиард долларға бағаланады. Бұл салада Ұлыбритания да бар. Ed-Tech UK мәліметтері бойынша, бүгінде елде 1200-ге жуық компания белгілі. Еуропадағы барлық инвестицияның 34 пайызы Ұлыбританияға тиесілі. Жыл сайын Ed-Tech-ке 300 миллион фунт стерлинг жұмсалады. Мәселен, танымал білім беру қосымшаларының бірі – Kahoot. Бір айда қолданушылар саны 50 миллионға жетеді деседі. Осының арқасында компания 20 миллион фунт стерлинг табыс тапқан екен.
Өзге елдердегі өзгешелік
Қазақстандағы халі қандай?
2-3 ақпан Алматы қаласында Digital Almaty 2023 халықаралық tech форумы өтті. Форумда цифрландыру саласындағы үздік компаниялар марапатталды. Соның ішінде, Bugin Holding компаниясына қарасты Daryn.online платформасы жыл қорытындысы бойынша «Ең үздік EdTech жоба» номинациясын жеңіп алды.
EdTech (қаз. білім беру технологиялары) – білім беру саласындағы заманауи технологияларды біріктіретін инновациялық шешімдер. Бұл номинация инновациялық тәсілді қолданып, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешетін және ең үздік сапалы қызмет көрсетуші жобаға беріледі. Номинацияны Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинян табыстады.
Bugin Holding – өз экожүйесін қалыптастырған, заман талабына сай жабдықталған еліміздегі алғашқы қазақ тілді IT компания. Холдингтің ІТ нарығында танымал бірнеше жобасы бар: Ма-Ма!, OrdaGen, Daryn.online, Daryn Teacher, Educenter, Bugin.kz және т.б.
Осы жобалардың ішінде ең танымалы: 4 млн-нан астам оқушы мен ұстазға қашықтан сапалы білім беруді қамтамасыз етіп отырған Daryn.online платформасы. Өткен 2022 жыл Daryn.online үшін табыс пен тәжірибеге толы болды: Компания 2,4 млн доллар инвестиция тартты, Prometheus School-дың құрылтайшысы атанып, еліміздегі алғашқы гибридті мектеп идеясын жүзеге асырды, мектеп процестерін автоматтандыруға (LMS) арналған Daryn Pro жобасы іске қосылды, Daryn Teacher 2.0 іске қосылып, оқушылар 180 000+ рет мектеп сабақтары бойынша қиындық тудырған сұрағына жауап алды, Daryn Tutor 3 117 астам жаңа репетитор қосылып, 2 261 оқушы өзіне жақын аймақтан репетитор тапты, білім алушыларға контентті ойын методикасы арқылы беруге арналған Daryn GO жобасы іске қосылды, оқу процесін тежейтін күрделі тапсырмаларды шешудегі көмекші Daryn Help жобасы іске қосылып, 10 000-нан астам сұраққа жауап берілді, Daryn.online қызметтері білім алушылар арасындағы бағалау бойынша (NPS) 82% қолданушының көңілінен шықты, онлайн білімді одан да сапалы әрі қолжетімді ету мақсатымен және платформа қолданушыларының сұрауымен әр пән бойынша көмекші куратор қосылды, Daryn.online платформасында өткізілетін олимпиада Қазақстандағы ең танымал әрі жиі тапсырылатын олимпиада атанды. 87 500 оқушы мен 34 800 мұғалім олимпиадада бақ сынады, Daryn.online-мен 14 429 оқушы ҰБТ-ға дайындалып, оның 75,2%-ы грантқа түсті және байқау сынағы 345 026 рет тапсырылып, орташа көрсеткіші 72,6 баллды құрады.
«Daryn.online-ның алдағы жоспары: еліміздегі сәтті жобаларды шетел нарығына экспорттау. Біз қазір Өзбекстан нарығына ағылшын тілін енгізіп жатырмыз, ал Сауд Арабиясы мен Индонезия нарығына математика пәнін (iDaryn) біздің қалыптастырған методикамен сол елдің тілдерінде жасаудамыз. Білім бізді біріктіреді, біз бұған сенеміз», – дейді Daryn.online платформасының негізін қалаушылардың бірі Айбек Қуатбаев.
Daryn.online миссиясы – сапалы білімді қолжетімді ету, еліміздегі білім сапасын арттыру жолында жаңа технологиялар мен инновацияларды жасау. Кез келген оқушының білім алып, ұстаздың сабақ беріп және ата-ананың дамуы үшін Daryn.online заманауи шешімдер қабылдап, алға қойған жоспар бойынша жұмыс істеуге әзір.
Алдағы бес жылда бұл нарықтағы орташа өсу қарқыны жылына 15,22%-ды құрайды, деп отыр сарапшылар, бұған, негізінен, онлайн білімнің жеделдеп дамуы септік етсе керек. Айта кетейік, жаһандық білім беру технологиялары нарығының көлемі 2022 жылы $297,56 миллиардқа бағаланған болатын.
EdTech, яғни білім беру технологиялары нарығы – білім беру және оқыту тәжірибесін жақсарту барысында жаңа технологияларды қарқынды қолданып, дамып жатқан сала. Бұл нарықта білім саласындағы кез келген қажеттілікті қанағат етуді көздейтін әртүрлі цифрлық құралдар, платформалар, қызметтер кеңінен ескерілген. Оның ішінде, жалпы білім беруден арнайы және жоғары білімге, корпоративтік оқыту мен өмір бойы оқу мүмкіндігіне дейін. Бұған, әрине, цифрлық құрылғы, девайстардың, интерактивті дисплейлер мен SD-карталардың кең таралуы мен интернетпен қамтылу көрсеткіші, жасанды интеллектіні ендіру және мәліметтерді талдау жетістіктері секілді технологиялық жаңалықтар септік етуде.
Аймақта ше?

Айнұр ӘЛИ