Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алғашқы туынды НТК арнасынан көрсетіледі

Алғашқы туынды НТК арнасынан көрсетіледі

Kyzylorda-news.kz. 19 ақпаннан бастап НТК арнасында жаңа сериал - «Бұл – біздің Қызылорда» жарыққа шығады. 12 бөлімнен тұратын комедия еліміздегі Қызылорда қаласы туралы түсірілген алғашқы туынды. Бұл туралы Әсел Мираева хабарлады.
Оқиға желісі америкалық журналист-блогер Бернард Уэйннің төңірегінде өрбиді. Ол Қазақстанның тұңғыш астанасы туралы мақала жазу үшін Қызылорда қаласын зерттеуге келген. Қалаға келген оны әкімдікте штаттан тыс жүргізуші болып істейтін жергілікті тұрғын Мақсат күтіп алады. Ол Бернардтың жол көрсетушісі және оған қаланы әр қырынан тануға себепші жақын досына айналады. Алайда, кейінірек, Мақсат жол көрсетуші ғана емес, барлық қолайсыз оқиғалардың себепкері болады. Ал сериал соңында Бернард Уэйннің Қызылордаға келудегі мақсаты мүлдем басқа болғаны анықталады.

Жоба авторлары сериалға елімізге белгілі актерларды тартқан. Мәселен, басты рөлдегі Мақсатты – актер Шерхан Пірназар ойнаса, америкалық журналист Бернадты – блогер Дәулет Исраилов сомдайды. Жайдарманшы Бексұлтан Піләл да осы туындыда. Одан бөлек қосалқы рөлдерде танымал кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғани Құлжанов пен актриса Гүлшат Тутова бой көрсетеді.

Сериал жай ғана комедияға құрылмаған. Жоба продюсері Ақылбек Досжановтың айтуынша, туынды Қызылорда облысының танымал тұлғаларының қатысуымен қарапайым тұрғындардың күлкілі және қызықты оқиғаларын біріктіреді. «Сенбейсіздер ме, онда Қызылордаға келіңіздер!» слоганын негізге алған туындыда әзілкеш Қанат Әлжапбаров, әнші Мадина Сәдуақасова, актриса Зухра Сайпи, әнші Гүлнұр Оразымбетова, Серік Ибрагимов және т.б танымалдар Қызылорда қаласында болған өз оқиғаларымен бөліседі. Мәселен, сериалдың әр бөлімінде Қанат Әлжаппаров қаланың қонақжайлылығын, Гүлнұр Оразымбетова Нағи Ильясовтың ауылы жайлы, Серік Ибрагимов қызылордалық адамдардың сөзінде тұратындығын, Тимур Балымбетов олардың қызыққұмар екендігін, Асылбек Боранбай патротизм, Заухра Сайпи қаланың қыздары ал Мадина Сәдуақасова қаланың жігіттері туралы әңгімелерін айтады.

Қызылордадан шыққан танымал тұлғалардың оқиғасы, өңір адамдарының өмірімен қатар, жоба арқылы режиссер көрерменге Қызылорда облысының бірегей табиғатымен танысуға мүмкіндік береді.

«Бұл – біздің Қызылорда» сериалы 19 ақпаннан бастап дүйсенбі мен бейсенбі аралығында 17:00-де НТК арнасынан көрсетіледі.
08 ақпан 2024 ж. 235 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 194

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 176

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 171

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 181

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930