Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түсіндірме жұмысы өткізілді

Түсіндірме жұмысы өткізілді

Қазалы ауданы әкімі аппаратының басшысы Ринад Тілеп жас қызметкерлерге Өңірлік кадр резервтерін іріктеу жобасына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиында аппарат басшысы Ринад Ибайдуллаұлы ағымдағы жылдың
1 наурызынан бастап еліміздің барлық өңірлерінде бастау алатын бұл жобаның мақсаты мен талаптары және іріктеуден өтетін азаматтарға берілетін мүмкіндіктер жайында толықтай түсіндірді.
Айта кетейік, Өңірлік кадр резервіне бес іріктеу кезеңінен кейін ең жоғары балл жинаған 10 үміткер таңдалады.
Қатысушыларға қойылатын негізгі талап – 35 жастан аспаған, жоғары білімі жəне 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс. Кадр резервіне іріктеудің басты мақсаты – мемлекеттік қызметке өз білімі мен тәжірибесін, жаңа идеялары мен жобаларын қолдана алатын талантты жастарды тарту. Өңірлік резервке алынған азаматтар жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады.
Қазалы ауданының баспасөз қызметі

08 ақпан 2024 ж. 240 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30