Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Instagram ұзақ видеоларға арналған қосымшаны қосты

Instagram ұзақ видеоларға арналған қосымшаны қосты

Instagram авторлары қолданушыларға "IGTV" деген жаңа қосымшаны ұсынды. Ол бір сағатқа дейін видеобейне жазуға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Видео шыққаннан бері араға бес жыл салып біз сіздерге ұзақтығы бір сағатқа дейін жететін IGTV-ді ұсынуға қуаныштымыз. Бұл қосымша бейнероликтерді тік форматта түсіруге мүмкіндік береді. Мобильді құрылғылар үшін нағыз таптырмайтын бағдарлама", - деп жазылған ресми сайтында. Жаңа қосымшаға тіркелгеннен кейін Instagram қолданушылары әлеуметтік желіде жазылған арналардың видеоларына қол жеткізе алады және ұзақтығы бір сағатқа дейін созылатын бейнелерді IGTV арқылы табуға мүмкіндігі бар.
"Қазір адамдар теледидарды аз көріп, бос уақытын көбінесе сандық бейне арқылы көргенді құптайды. 2021 жылға таман ұялы телефонның жалпы мобильдік көлемі 78 пайызды құрайтын болады. Жас көрермендер көбінесе кәсіби мамандардың видеосын емес, әуесқой видеоларға көп назар аударатынын байқадық" , - деді қосымшаны жасаушылар.
Кез келген адам өзінің авторлы каналына ұзақтығы бір сағаттық видеоларды жариялай алады. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, қосымша 60 минутқа дейін бейнеклиптерді жүктеуге және көруге мүмкіндік береді.
22 маусым 2018 ж. 1 126 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 68

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930