Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қазақстандық топ АҚШ-тың 4 ірі қаласында жеке концерт береді

Қазақстандық топ АҚШ-тың 4 ірі қаласында жеке концерт береді

Moldanazar тобы өзінің көптен күткен жаңа альбомының тұсаукесері аясында және қазақстандық эстрада өнер нарығының тарихында алғашқы топ болып, наурыз айының соңына дейін АҚШ-тың төрт ірі қаласына (Нью-Йорк, Чикаго, Хьюстон және Лос-Анджелес) ресми турне жасайды. Бұл туралы «Bridge.entertainment» концерт ұйымдастырушысының Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, әлеуметтік желідегі Facebook-тің кейбір тобында қызықты сауалнама жүргізілген. Ол жерде қолданушылардың «АҚШ-та жеке концерт беруге лайықты «Ең үздік отандық әртіс» тақырыбында дауыс беруі бойынша жеңімпаз анықталды.
Нәтижесінде дауыс беруге қатысқандардың барлығы жеңіске лайықты деп «Moldanazar» тобын таңдады.
Отандық шоу-бизнесте ерекше орны бар, талантты жас әнші, композитор Ғалымжан Молданазар өзінің бірегей әрі тек туған тілімізде жазылған туындыларымен Қазақстанда ғана емес, алыс-жақын шетелдерде де танылып үлгерген музыкант. Оның ойлап тапқан қазақтілді синти-поп және фанк стилі - музыка әлеміндегі жаңашылдық.
Қазір Ғалымжан «Moldanazar» тобымен жұмыс жасап, жаңа әндерімен қуантып жатыр.
Тарихи шоудың жүргізушісі – әзілқой-стендапер Ілияс Жапаров және ТМД-дағы танымал блогерлердің бірі, қырғызстандық Эльдана Сатыбалдиева (Eldana Foureyes) болады деп жоспарланып отыр.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл АҚШ-тағы қазақ диаспорасы үшін тарихтағы ең үлкен музыкалық шоу болады.
27 ақпан 2018 ж. 2 762 0

Қазақтың жарық жұлдызы

06 маусым 2026 ж. 69

Ғасырдан жеткен ғибрат

06 маусым 2026 ж. 67

№42 (1847)

06 маусым 2026 ж. 128

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930