Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Суды Сүлейменнен сұра...

Суды Сүлейменнен сұра...

Көрші Қанат күні-түні көше кезіп жүретін. Бармайтын жері, баспайтын тауы жоқ. Өзі тіпті сөйлемейді де. Адамға да тіке қарамайды. Біртүрлі көрінгенімен көпшілік бұған аяп қарайтын. Ел ішінде сөз жатсын ба? Бірі Қанатты «жын ұрған» десе, енді бірі су перісі қағып кеткен ғой дегенге саяды. Әйтеуір ауыл іші у-шу.

«Түнде суға барма, айдың жарығы түскен суды ішпе» деп әжелеріміз тыйып отыратын. Оны Қанат елемесе керек. Кеш қайта ауыл шетіндегі дария жиегіне су алуға барыпты. Сол кеткеннен ұзақ уақытқа оралмайды. Ауыл болып іздеді. Таппады. Арада бір апта өткен соң көрші Жұмағазы ата тауып алыпты. Бірақ, жағдайы әлгіндегідей. «Не болды? Не көрді?» деген сауалдар жауапсыз қалған.
Бұл оқиға ауыл тұрғындарын біраз есеңгіретті. Кейбірі қорқып тысқа шығудан қалған. Шап-шағын ауыл болғасын қауіп қай жерден келіп қаларын білмей аң-таң. Туыстары Қанаттың жағдайын көріп аудан орталығындағы мешітке апарып оқытты. Бір айда өз-өзіне келген соң жақындарына мән-жайды айтса керек. «Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды» емес пе? Кішкентай балаға дейін қорқынышты әңгіме қылып айтып жүрді. Оқиға былай басталған екен. Қонаққа кетерде Қанатқа әжесі ауладағы шелек-бөшкелерге су тасып, толтырып қой дейді. Жігіт онысын ұмытып кетсе керек. Әжесі келмей су тасуға бекінеді. Бірақ, кеш те батып үлгерген екен. Содан дарияға барады. Шелегін енді батыра бергенде су бетінен әдемі қыздың бейнесін көреді. Аң-таң болып біраз отырады. Құлағынан «суға түс» деп шақырған нәзік дауыс естіледі. Өз денесін өзі басқара алмаса керек. Дарияның ортасында билеп, ән салған 2-3 сылқым қол созады. Қиял әлеміне кеткен Қанат ес-түссіз қолын беріп, ортаға қарай жүзеді. Одан соң не болғанын білмейді. Бірақ, есін жиғанда қорымдардың басын паналап жүр екен. Көрген көрші ата ертіп, үйіне әкеледі. Молдаға оқытпас бұрын күндіз де түнде де ұйықтай алмай сандырақтаған екен. Иә, бұл жігітті су перісі қаққан. Сенбейін десең, айналада біз білмейтін қаншама тылсым дүниелер орын алуда. Тыйым сөздің тереңіне бой¬лаған қазекем астарында не жатқанын өз тәжірибесінен өткізген. Мына аңыз әңгіме содан қалса керек.
Жынның басшысы Самандун Сүлейменге мың жүйрік тұлпар ұстап беріпті дейді. Сүлеймен оның қызметіне риза болып:
– Не сұрайсың? – дейді. Самандун:
– Өзен-көлді ежелден мекен етуші едік. Оны бізден тартып алып, оны адам ұрпағына бердің. Бізге мекенімізді қайтар! – деп сұрайды. Сүлеймен:
– Дегенің болсын. Бірақ түнде пайдаланасың. Күндіз адам баласының игілігінде, – дейді.
Содан жын-жыбыр түнде өзен-көлді аралап, сайран құрады екен. Бір күні бір жігіт үйінде ішерге суы болмай, түнде өзенге барады. Барса, жындар су бермейді. Жігіт Сүлейменнің сарайына барып, болған жайды айтып береді. Сүлеймен жігітке бір дұға жазып береді де, Самандунға сәлем айтады:
– Суға барғанда мынаны оқы, Самандуннің есіне сал, – дейді. Жігіт суға барып дұғаны оқиды. Дұғасы мынадай екен: «Су иесі – Сүлеймен, су алуға рұқсат ет». Оны естігенде Самандуннің барлық жынға:
– Бұл жердің шын егесі – Сүлеймен патша. Су беріңдер, – дейді.
Содан бастап адамдар түнде су алғысы келсе: «Су иесі – Сүлеймен, су алуға рұқсат ет», – деп сұрайды екен.
Қазақ арасында «түнде суға барма, суға түспе» деген ырым осыдан қалыпты.
Айнұр ӘЛИ
06 қаңтар 2024 ж. 270 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930