Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагерлер Түркістан төрінде

Ардагерлер Түркістан төрінде

Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен қазалылық 50 ардагер түркі халықтарының рухани астанасы – Түркістан қаласына саяхат жасады. Саяхаттаушылар қатарында ауданға қарасты Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және барлық ауылдық округтердегі еңбек ардагерлері, көпбалалы зейнеткер аналар, білім, мәдениет салаларының ардагерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері бар.
Қызыққа толы рухани сапар барысында саяхаттаушылар «Арыстан баб», «Қожа Ахмет Яссауи» кесенелеріне зиярат етіп, «Керуен сарай» кешенін аралады.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов бастаған ардагерлер рухани қаланың жаңарып, түрлі зәулім ғимараттың бой көтеріп, өзгергенін және ерекше әсерге бөленгендерін жеткізді. Түрленген Түркістан сапарын ұйымдастырған аудан басшылығына риясыз ризашылығын білдірді.
«Қариясы бар үйдің – қазынасы бар» дегендей, қарттарын ардақтай білген елдің ғана рухы үстем болмақ. Сондықтан да бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба беретін болады.
Айта кетейік, аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудандық ардагерлер үйіне арнайы барып, қасиетті мекенді саяхаттауға жолға шыққан ардагерлерге тілектестігін білдірген болатын.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
25 желтоқсан 2023 ж. 353 0

Жас өрендер жетістігі

17 наурыз 2026 ж. 23

Амал – айтулы мереке

17 наурыз 2026 ж. 21

Тәттіден қауіп келмесін

17 наурыз 2026 ж. 30

Өнегелі өмір иесі

17 наурыз 2026 ж. 32

Наурыз келді, құт келді

17 наурыз 2026 ж. 32

Маңызды ақпарат

16 наурыз 2026 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031