Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалылық 50 отбасы баспаналы болды

Қазалылық 50 отбасы баспаналы болды

Сыр өңіріндегі облыс пен бірнеше ауданның тарихындағы атаулы жылдың ауқымды іс-шаралары әлі де жалғасуда. Мереке тағылымы көпке дейін ел есінде қалуы үшін игілікті істер жасауға баса мән берілген. Осы ретте бүгін Қазалы ауданында 50 отбасы баспаналы болды.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пәтер иелеріне кілт табыстау рәсіміне қатысып, жерлестерін құттықтады. «Мемлекет басшысы «Халықтың басым көпшілігі үшін тұрғын үй – ең өзекті мәселе. Мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді» деп атап өткен болатын. Облыс бойынша халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 1000 пәтер сатып алу жоспарланған. Оның 400 пәтері аудандарға тиесілі. Міне, бүгін қазалылық 50 отбасы өз баспанасына кіріп, қоныс тойын тойлайды. Бұл – мемлекеттің тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жұмыстарының жемісі. Жаңа баспаналарыңыз ұядай жылы, берекелі болсын!», – деді аймақ басшысы.
Іс-шарада Нұрлыбек Машбекұлы Қызылорда облысының Құрметті азаматы Самұрат Имандосовқа ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың Алғыс хатын табыстады. Рәсімде Арал ауданының Құрметті азаматы Оразғали Бекбанов жаңа қоныс иелері мен жиналғандарға ақ батасын берді. Мердігер мекеменің 5 қызметкері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.


Айта кетейік, жақында Жаңақорған ауданында 50, кеше Арал ауданында 100 отбасы баспана қуанышына кенелді.
Аймақта тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші жыл өткен сайын артуда. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында былтыр 683,2 мың шаршы метр тұрғын үй берілсе, биыл 692,3 мың шаршы метр баспана табыстау көзделген. Арнайы қабылданған «Сыр жастары» бағдарламасы аясында облыста алғаш рет 100-ден астам жас отбасыға тұрғын үй беріледі.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
01 қараша 2023 ж. 776 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 56

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930