Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балуандар бозкілемде белдесті

Балуандар бозкілемде белдесті

Жыл сайын ауданда дәстүрлі түрде Мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен турнир өтіп тұрады. Ұрпақтары, қала берді барша қазалылық жұрт ұлықтап келе жатқан арда азаматтың құрметіне аталмыш балуандар бәсекесі сонау 2006 жылдан бері жалғасын тауып келеді. Биыл да грек-рим күресінен 2004-2006 жылғы жастар арасында ХVІI дәстүрлі халықаралық еске алу турнирі басталып, тартысты өтті.
Байрақты бәсекеге Қырғызстан елінен және еліміздің Астана, Алматы, Шымкент қаласы мен Қазақстанның өзге де облыстарынан келген 100-ге тарта балуан бозкілемде бақтарын сынады.
Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев құттықтау сөз сөйлеп, дәстүрге айналған байрақты бәсекенің бүгінгі жас ұрпақ үшін маңызы жоғары екенін тілге тиек етті.
Сонымен қатар туған жердің өсіп өркендеуі жолында аянбай тер төккен абзал азамат Елеу Көшербаев жайындағы естеліктерге тоқталып, қайраткердің өмір жолын жас буынға үлгі етті.
– Елеу Көшербайұлы – қазақ елінің экономикасын, мәдениетін өркендетуге, ұлттық дәстүрді сақтауға, әсіресе Қызылорда облысының дамуына өзінің қажымас қызметі арқылы айрықша үлес қосқан қайраткер. Ол ХХ ғасырдың 60-70 жылдары Қазалы, Сырдария аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, Тереңөзек, Сырдария ауданының атқару комитетінің төрағасы, облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары болған. Сонымен қатар, 1975-1991 жылдары Қармақшы, Қазалы аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін абыроймен атқарған. Елеулі қызметтері үшін халықтың ыстық ықыласына бөленген. Мемлекет және қоғам қайраткерінің елдің есінде қалған еңбектері жетерлік.
Мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаев елдің дамуына, Отанның гүлденуіне аянбай еңбек етті. Ел үшін туған арда азаматтың игі істерінің шарапаты бүгінгі ұрпаққа да тиіп отыр. Көптеген жас балуан осы турнир арқылы елге танылуда. Онымен қоса, салауатты өмір салтын ұстанушылар қатары күн санап артып келеді. Барлық балуанға сәттілік тілеймін, – деді аудан әкімі.
Мұнан соң облыстық мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жігер Айекешов, Қазалы ауданының құрметті азаматы Айтбай Көшербаев, Қазалы ауданының құрметті азаматы, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қасқырбай Әлімбай мен ұрпақтары атынан Ұлжан Көшербаева құттықтау сөз сөйлеп, жас палуандарға сәттілік тіледі.
Бозкілемге алғашқы болып 55 килграммдағы балуандар белдесті. Нәтижесінде аралдық Әмірмұхаммед Кабулов бірінші орынды жеңіп алды. Ал екінші орын қазалылық Ерасыл Күзембай иеленсе, үшінші орынды Жамбыл облысынан келген Арнат Таңатарұлы мен жергілікті балуан Бақытжан Әл-Хорезмилер өз ара бөлісті. Басқа да салмақтар 63, 87 сынды салмақтар бойынша білек күшін сынаған балуандар түрлі орындарға жайғасты. Турнирдің алғашқы күні осылай аяқталды.
Қос күн қатарынан өткен халықаралық турнир жексенбі күні жалғасып, барша бозкілем батырлары тартысты өнер көрсетті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Қызылорда облысының құрметті азаматы Самұрат Имандосов, Қазалы ауданының құрметті азаматы Айтбай Көшербаев, аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов пен ардагер спортшылар Қуанған Бәкен және Дәстен Айбосыновтар жеңістерімен құттықтап, арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтармен марапаттады.
Айта кетейік, жастар арасындағы байрақты бәсекеге Қырғызстан елімен қатар, еліміздің әр аймағынан 100-ге тарта балуан келіп, бақ сынасты. Кезекті еске алу турнир келесі жылы да өз жалғасын таппақ.
Серік АҚМЫРЗА
31 қазан 2023 ж. 197 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930