Әкемнің әңгімесі
– Ассалаумағалейкүм аға, балық аласыздар ма? Бұл сұраққа «Балық десе, ішкен асын жерге қоятын әкем мен анам жарыса «иә» деп жауап берді. Әкемнің: «Қайдан келді, қандай балық?» деп сұрамастан ішкі бөлмеге кіріп, әмиянын лезде алып шыққанынан-ақ, жеңсік асын сағынғаны көрініп тұр. Ортан беліне жетіп тұрған қалтаны әкеліп, ыдысқа аударғанда, шүпірлеген бірнеше майда балық сау ете қалды. Бала күнімнен бойыммен бірдей балықтарды көріп өскен маған «мыналардың» түрі кішірек көрінді. Алайда қазіргінің тәуір деген балығы осы. Түскі ас кезінде таңертең көрген көріністің әсерінен арыла алмай:
– Әке, бұрын үйге менен де ұзын жайын әкеліп едіңіздер ғой, – дедім.
– Бұйырған несібемізді жедік. Ол кездегі балық бөлек еді, – деп әкем әңгімесін бастады. Менің туған жерім Арал ауданының Қызылжар деген ауылы. Әкем Ербол сол жердің тумасы. Жастайынан балық аулаудың қыр-сырына қанығып өскен жан. Су маржанының небір түрінкөзімен көріп, қолымен ұстаған. Уақытында балықшылықты да кәсіп еткен. Ашық теңізде жүріп, су түбінен ырзық-несібесін айырған балықшылардың басынан өткен оқиғаларды айтқанда құдды бір кино көргендей тыңдаушы едік. Әкем айтқан солбір әсерлі әңгімелерді сіздермен бөлісуді жөн көрдім.
***
Балықшылар үнемі су үстінде жүргендіктен бе ержүрек болып келеді. Ұзақ жылдар бойы балық шаруашылығын басқарған марқұм Дәуқара Аймағанбетов ағамыз Ұялыда зауыт директоры болып тұрған кезінде мынадай оқиға орын алды. Қыс мезгілі, мұз жарылып, жағадан ығып кетеді. Сең үстінде көптеген ау құралдарымен бірге 200 центнер балық бар еді. Жұрттың пікірі екіге жарылып, бірі мұзды қуу көрер көзге ажалға бас тігу десе, екіншілері ештеңе деместен үнсіз қалады.
Сонда директор: «Кімнің-кім екені қиын-қыстау кезеңде танылады. Таласты қоялық, мұзды қуамын дегендер таңсәріде 4-5 күндік азығымен флотқа келсін», – деп орнынан көтеріледі. Теңіз көз ұшына дейін қатады, ар жағы қара су. Дәуқара аға бастаған топ ыққан мұзды қайықпен қуады. Үш тәулік арпалыстан кейін балықты да, ау құралдарын да «Қосшоқы» деген жерге алып шығады. Содан ат-шаналармен ауылға жеткізеді. Міне, бұл теңіз тарихында бұрын-соңды кездеспеген ерлік.
* * *
Райым балық колхозы Қызылжардан екі шақырымдай жердегі 2000 гектарлық Қаракөлдегі «Дәрмен» орынға Ешіман Әбуов бастаған балықшылар бригадасы жылым тартты. Жылымда басқа балықтың түрі жоқ тек бірыңғай сазан жайлапты. «Қазалы» балық зауытына қарайтын Талбөгеттегі балық қабылдау пункті қабылдады. Шонтайдағы балық үш күн сүзіледі. Балықшылардың асымдыққа алғаны, сыралғыға бергенін есептемегенде 700 центнер балық мемлекетке өткізілді. Бұл рекордтық көрсеткіш деп сол кездегі Кеңес Үкіметінің бас газеті «Правда» арнайы жаңалық жариялады. «Правданың» мақаласында балықты комсомол-жастар бригадасы аулаған деп жазады. Сол кезде бригада комсомолы мен 17 жас¬та, Жұмахмет 19 жаста. Ол қазір Алматы қаласында тұрады.
Осыдан кейін 1972 жылы мамыр айының 1 жұлдызында әскер қатарына шақырылып, Германиядағы кеңес әскерлері тобында азаматтық борышымды өтеуге кеттім. Бір күні полктегі комсомол ұйымының хатшысы мені іздеп келіп, «сені полк командирі шақырып жатыр» деді.
Полк командирі үлкен лауазымды тұлға ғой. «Ауылдан жайсыз хабар келді ме, әке-шешем, бауырларым аман ба?» екен деп қорқа-қорқа алдына бардым. Үстелінің үстінде менің комсомол билетім жатыр. Ол кісі жылы қабылдап: «Балам, сен армияға дейін не жұмыс істедің?» деп сұрады. Мен «Балықшы болдым» деп едім. «Өте жақсы жұмыс істегенсің ғой шамасы комсомол билетіңе айлық табысы 200 сом деп көрсетіліпті. Мен лауазымды қызметтемін, полковникпін, шетелде жүргеніме қосатын айлық төлем бар соның барлығын қосқанда 350 сом айлық аламын. Сенің айлық табысыңды көріп қызығушылығым оянып шақырып едім. Отанға адал қызмет істе», – деп шығарып салды. Сөйтіп ауланған 700 центнер балықтың арқасында көп табыс тапқан едім.
* * *
Балықшы ауылы болған соң балалар жастайынан көлге ау салады. Көрші туысымыз балықшы Қыстаубай ағаның 5 сыныпта оқитын ұлы Темірханды ертіп Қызылжардың іргесіндегі Жайлау көлден балық аулауға бардық. Мен 8 сыныпта оқимын. Көктем кезінде «Бесжарма» каналы арқылы су құйып, неше түрлі балықтар түседі. Күнделікті дағдымыз бойынша екеуміз ертелетіп келсек, көлге су құятын жерде қап-қара бірдеңе ығып жүр. Алғашында ығып жүрген қайық екен десек, өте ірі жайын су бетінде жартылай көрінеді. Менің көзіме кітаптардан көрген кит елестеп кетті. Қасына барып ұрып едім, суды аспанға атып батып кетті. Осы оқиғаны кәнігі балықшы Қыстаубай әкемізге айтқанда өкініп қалды. «Бізге кездеспеді-ау. Оны жібермей ұстап алатын едік», – деді.
Қалай ұстайсыз дегенімде: «Ауларың бар емес пе сонымен қатар-қатар шеңбер жасап, қоршап тастау керек. Жайын ауды басына кигенде, сағақтан орап аузын аштырмай тастайды. Аузы ашылмаған соң қандай жайын болса да әлсіреп қалады. Сосын аумен бірге жағаға жетелеп алып келесің», – деді.
Осы оқиғадан кейін 15 жылдай уақыт өтті. Бір күні жұмыстан кейін інім Нұржанмен Сырдарияға келіп, аудың құлашын бекітіп, бес-алты құлаштап төккенім сол еді қос ескекте отырған інім: «Аға, ананы қара», – деді.
Не болды деп інім нұсқаған жаққа бұрылсам, жаңа төккен ауға бір жайын түсіп, босап кетейін деп тұр екен. Дереу Нұржанға: «Жайынды айнала ес» деп, өзім қалған ауды шеңбер жасап төктім. Бірінші шеңберден босанған жайын, екінші шеңберде ауды басына киіп алды. Сағаққа киілген ау жайынды әлсіретіп, тулауын азайтты. Сол кезде таяумен басынан ұрып едім су бетіне шықты. Аумен қоса жайынды қайыққа салып, сағағынан жіп өткізіп, қайықтың азынасына байлап тас¬тадым да, ініме қос ескекпен жағаға бар дедім.
Жас кезде айтқан балықшының ақылын кәдеге жаратып, олжалы болып үйге оралдық. Жайынды өлшегенде 80 келіге жуық тартты.
* * *
Жекешелендіруден кейін «Райым» колхозы өндірістік копператив ретінде қайта құрылды. Копператив Қаракөл, Райым, Жалаңаш көлдеріне иелік жасайды. Соның ішінде Жалаңаш көлі кезінде Райым бекінісі болған биік таудың етегінде.
2000 жылдың қысында балықшылар осы көлге жылым тартты. Судан шыққан балықтардың арасында көзге түсетін өте ірі сазан жатты. Ұзақ жылдар бойы балық аулап Сыр өңіріндегі көлдерді, теңізді, одан қалды Балқаш, Ырғыз, Зайсан көлдерін шарлаған балықшылар «бұндай ірі сазанды көрген жоқпыз» деп таңданыстарын жасыра алмай оны таразыға салып өлшегенде 35 келіге жетті.
Сол кезде Каттагаттан Аралға дейінгі жобаны үйлестіруші даниялық Курт деген азамат: «Мен дүниежүзінің су айдындарын араладым. Сазанның 25 келіден артық болғанын көрген жоқпын. Бұл не деген керемет!», – деп таңданып, суретке түсіріп, «жүрген жерімде айта жүремін» деп мәз болды.
* * *
1974 жылдың мамыр айында армиядан келдім. Дариядағы су азайып, көлдерге канал арқылы су құймайтын болыпты. Арал теңізінің суы да азайған. Сол кезде Қазақстан Үкіметі көлдерді насос арқылы суландыруға жаңа қуатты «СНП-500» насостары әкелінді. Қызылжардағы «Бесжарма» каналына осындай 8 насос құрылды. Мен су айдау насосының машинисі болып жұмысқа тұрдым. Арасында дарияға ау саламын.
Бір күні түнгі ауысымнан шығып, ауымды қарап кетейін деп барсам, ақ балық басып қалыпты. Қайық толы ақ балық алып шықтым. Дереу бір ау төктім. Бұл қайдан келген балық деп жүрсек, кесіліп қалған дария аяғына жоғарғы жақтан үш күндей мол су келіп, ол теңіз суына қосылған екен. Ащы судан тұншығып тұрған балықтар дария бетке лап қойған. Балықшының сөзімен айтқанда дариядан су емес, балық аққан екен. Осы үш күнде балықшылар мол олжаға кенелді. Бұл ауымыз майланып, несібеге қарық қылған оқиға әлі күнге ұмытылар емес.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА