Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев: біздің төлқұжатымызға ие болу - халықаралық аренада құрметті азамат болу

Тоқаев: біздің төлқұжатымызға ие болу - халықаралық аренада құрметті азамат болу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік аренада қазақстандық төлқұжаттың қандай маңызы бар екенін айтты, - деп хабарлайды massaget.kz.
"Біздің көгілдір түсті төлқұжатымыз бен көк байрағымыз тарихтың өзі қалыптастырған және миллиондаған адамның жүрегінде жаңғырған болмысымыздың шынайы символы. Біздің төлқұжат адамға этностық тегіне, діни көзқарасына, әлеуметтік жағдайына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты құқықтар мен міндеттерді қамтамасыз ете алады", - деді Тоқаев.
Президент төлқұжат өз еліңнің қорғалған азаматы екеніңді білдіретінін жеткізді.
"Біздің төлқұжатымызға ие болу халықаралық аренада құрметті азамат болу, барлық елге кедергісіз бару және өзін қазіргі әлемнің ажырамас бөлігі ретінде сезіну дегенді білдіреді. Бұл әрқашан және барлық жерде өз мемлекетінің қорғауында сезінуді білдіреді. Қазақстан төлқұжаты біздің бірлігіміз бен келісіміміз негізделген құндылықтарды білдіреді", - деді Президент.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының "Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму" атты ХХХІІ сессиясының отырысы өтіп жатыр.


27 сәуір 2023 ж. 340 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30