Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халыққа қызмет көрсету орталығы енді азаматтардың жеке деректері тарап кеткені үшін жауапқа тартылады

Халыққа қызмет көрсету орталығы енді азаматтардың жеке деректері тарап кеткені үшін жауапқа тартылады

Мәжіліс "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" мәселелері бойынша депутаттық түзетулерді мақұлдады. Түзетулер мемлекеттік қызмет көрсету және мемлекеттік корпорация жұмысы саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жоба үш негізгі блоктан тұрады.
Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін және қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізе алатын ХҚКО қызметкерлері мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестіріледі. Бұл теріс қылықтар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғау үшін жасалады.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " ұғымынан қызмет бағыттарына нұсқау алынып тасталады.
Мемлекеттік корпорацияға "Е-өтініш" ақпараттық жүйесі шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды ұйымдастыру құзыреті беріледі. Осының арқасында азаматтар әкімшілік органдарға жүгініп, жауап ала алады, сондай-ақ өтініштерді қарау сапасын бақылай алады.
Заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар 16 заңнамалық актіге, оның ішінде қылмыстық және жер кодекстеріне енгізіледі.
04 қазан 2023 ж. 242 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930