Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтарды 1 қарашадан бастап қандай өзгеріс күтіп тұрғаны белгілі болды

Қазақстандықтарды 1 қарашадан бастап қандай өзгеріс күтіп тұрғаны белгілі болды

"Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы барлығы ақпараттық анықтамалардың 28 түрін жоюды жоспарлап отыр. Қазақстанда осы жылдың 1 қарашасынан бастап мекенжай анықтамасы алынып тасталады, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы.

"1 қарашадан бастап азаматтар өз мекенжайын электронды үкімет порталындағы жеке кабинетіне кіріп тексере алады", - деді корпорация басқармасының төрағасы Әсемгүл Балташева.
Оның айтуынша, мекенжай анықтамасымен қоса тағы бірқатар қызмет түрі жойылады. Атап айтсақ, жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтама, диспансерлерден анықтама, жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама беру.
Жалпы алғанда ақпараттық анықтамалардың 28 түрі қысқартылады. Балташева қазақстандықтар осыған дейін мекенжай анықтамасын алу үшін халыққа қызмет көрсету оралықтарына жылына 10 миллион рет барғанын атап өтті.
Бірқатар анықтаманы реестрден алып тастау мәселесі мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына шығарылады.
Еске сала кетсек, бұған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мекенжай анықтамасын жою туралы бастама көтерген еді. Ішкі істер министрлігі бұл идеяны қолдап, деректер базасын басқа мемлекеттік органдармен интеграциялады.




03 қазан 2019 ж. 1 301 0

Жеті сұлудың сарқырамасы

07 наурыз 2026 ж. 157

Алтын құрсақты ана

07 наурыз 2026 ж. 140

Талантымен топ жарғандар

07 наурыз 2026 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031