Смартфондағы жеке деректерді қалай қорғаймыз?
Mail.ru жобасының жетекшісі Дмитрий Рябинин Sputnik радиосына берген сұхбатында гаджет пен смартфондағы жеке деректерді қорғаудың ең арзан әдісі туралы айтты.
Сарапшының айтуынша, Ресейде жеке ақпараттарды ұрлау жиілеп кеткен. Мұндай жағдайлар көбінесе қоғамдық орындарда кездеседі. Хакер сіздің гаджетіңізге көз тастау арқылы ғана барлық мәліметті меңгеріп алуы мүмкін. Мысалы, дисплейдегі хабарламалар мен маңызды құжаттарды бақылау арқылы. Осындай жағдайларда, смартфон иесі оның құжаттары мен маңызды хабарламаларын оқып жатқанын байқамайды. Сондықтан, мамандар деректердің ұрлануынан қорғану үшін смартфонға қосымша аксесуар алуға кеңес береді. Мысалы, "антишпион" атты плёнка немесе әйнек көмектеседі. Бұл хакерге ақпараттарды бақылауға кедергі келтіреді. Қорғаныс кескінді жасырады және суреттің сапасын бұзбайтын оптикалық қабатты қосады.
Сонымен қатар, Рябинин қоғамдық ортаға барарда маңызды хабарламаларды өшіріп қоюға кеңес береді.
Бұған дейін киберқауіпсіздік қызметкері Андрей Масалович әртүрлі қиын әрі сенімді құпия сөздерді орнату қорғаныс үшін маңызды екенін айтқан болатын.