Қыз бала әдебімен әдемі
Ержігіт Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат бөлімінің және аудандық білім бөлімінің ұйытқы болуымен «Қыз бала әдептілігімен әдемі, инабаттылығымен сәнді» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Семинардың басты мақсаты – жасөспірім қыздар арасында кездесетін келеңсіз жағдайлардың алдын алу, қыз баланы инабаттылыққа, әдептілікке, мейірімділікке, сыпайылыққа тәрбиелеу бағытында ақыл-кеңестерді ортаға салу болды.
Жиынға Қазалы ауданының полиция бөлімінің Ювеналды полиция тобының инспекторы Бегалиева Мархаббат, «KAUSSAR KOLDAU» мекемесінің маманы, «Сырым» психологиялық кабинетінің меңгерушісі, психолог, медиа-тренер Бисенова Жания, Жастар денсаулығы бөлімінің дәрігері Алиева Әйгерім және кент орталығындағы лицейлер, гимназия және орта мектептердің 7-10 сыныптарында білім алып жатқан 370-ке жуық жасөспірім қыздар мен ата-аналары қатысты.
Аталмыш шараны Қазалы ауданының блілім бөлімінің әдскері, психолог Аманкелдіқызы Надира жүргізіп, семинар-тренинг еркін форматта өткізілді.
Шара барысында арнайы шақырылған мамандар жасөспірім қыз балалармен ұлттық тәрбие, салт-дәстүрімізді сақтау, ерте жүктіліктің салдары, суицид, қыз балалардың репродуктивті денсаулығы, жеке бас гигиенасы, беймезгіл уақытта көшеде жүрмеу, зорлық-зомбылықтан сақтану, интернет желісін қолдануда әдепсіз көріністер мен белгісіз чаттардан аулақ болу жайында жан-жақты мағұлматтар беріліп, психолог Ж.Бисенованың тренинг жүргізді.
Сондай-ақ, жиын соңында қатысушылар тақырыпқа байланысты пікір алмасты.
"Қазалы"ақпарат