Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәдениет пен спорт саласының мамандары президент жолдауына қолдау білдірді

Мәдениет пен спорт саласының мамандары президент жолдауына қолдау білдірді

Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауына арналған жиын өтті. Басқосуға облыстық мәслихат депутаты Ибайдулла Тілеп, аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Болат Жолтаев және мәдениет пен спорт сала қызметкерлері қатысты.
Кездесуде алғы сөзді алған Ибайдулла Тілепұлы Президент Жолдауында айтылған елдегі өзекті мәселелердің шешу жолдарын айқындайтын негізгі бағдарларға тоқталды.
– Биылғы Жолдау «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасын іске асырудың тікелей жалғасы болып отыр. Президентіміз Жолдауда ұрпақ тәрбиесінің мықты негізі дамудың басты бағыты екендігін баса айтты. Осы орайда сіздер Жолдауға қолдау білдіру үшін, ондағы мақсаттарды жүзеге асыру үшін мәдениеті бекем, руханиятқа жақын ұрпақ тәрбиелеу ісіне атсалысып келесіздер. Осы мақсаттағы жұмыстарды алдағы уақытта да қарқынды түрде жүзеге асыруға тілектеспін,– деді халық қалаулысы.
Ал бөлім басшысы Болат Әбенұлы ұжым атынан Жолдауға қолдау білдіріп, сала бойынша шешімін таппаған мәселелерді ортаға салса, басқа да жиын қатысушылары өз ұсыныстарымен бөлісті.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
22 қыркүйек 2023 ж. 287 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 194

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 194

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930