Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы әрбір екінші кәсіпорын Ресейден қоныс аударған

Қазақстандағы әрбір екінші кәсіпорын Ресейден қоныс аударған

Бір жылда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 10,3 мыңға өскен.
Қазақстандағы әрбір екінші шетелдік кәсіпорын Ресейден релокацияланған. Егер өткен жылы олардың саны 11,9 мың болса, бүгінде 18,6 мыңға жетті, деп хабарлайды Finprom.
Қазақстандағы жұмыс істеп тұрған шетелдік кәсіпорындардың 44,9%-і ресейлік компаниялар. Екінші орында түрік кәсіпкерлері тұр. Тамыз айының соңында осы елден 3,7 мың заңды тұлға келген. Көшбасшылар үштігіне Өзбекстан да кіреді, оның резиденттерінде 2,7 мың компания бар.
Шетелдік инвесторлар өз қаражаттарын елдің негізгі салаларына салған. Бұл әсіресе тау-кен және өңдеу өнеркәсібі саласы. Шетелдік капиталды көптеп салатындар Түркия, Өзбекстан және Қытай. Сондай-ақ шикізат өңдеу саласында Ресей көш бастап тұр.
Соңғы жылдары Қазақстанда шетелдік инвесторлардың қатысуымен жұмыс істейтін заңды тұлғалардың саны 24,3%-ке өсіп, 54,4 мың кәсіпорынға жетті. Алайда, қазіргі уақытта олардың тек 41,4 мыңы ғана жарамды.
Бір жылда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 10,3 мыңға өскен. Ал "жаңадан келгендердің" басым бөлігі, яғни 78% сауда, сервис, IT-кластер салаларының кәсіпкерлері, әкімшілік және көмекші қызмет көрсету саласындағы сарапшыла. Экономиканың қалған секторларында да өсім бар, бірақ елеусіз ғана дейді сарапшылар.
20 қыркүйек 2023 ж. 322 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031