Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ресми жұмыс істейтін шетелдіктердің саны жарияланды

Қазақстанда ресми жұмыс істейтін шетелдіктердің саны жарияланды

Қазақстанда 14 702 шетелдік азамат жүмыс істейді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда ресми түрде тіркелген шетелдік жұмысшылардың санын жариялады, деп хабарлайды sputnik.kz.
Бүгінде шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат қағаздар нақты саны мен санатына қарай беріледі:
басшылар мен олардың орынбасарлары (551);
құрылымдық бөлімшелердің басшылары (2 751);
мамандар (6 452);
білікті жұмысшылар (745).
Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 970 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 233 адам тартылды.
"2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 702 шетел азаматы жұмыс істейдіі", - дейді министрлік мамандары.
Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 751 жұмыс беруші бар. Оларда 433,4 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл - барлық қызметкердің 96 проценті.
Экономикалық қызмет түрлері:
құрылыс саласы – 5 181 адам (35%);
ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 919 адам (13%);
тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 340 адам (9%);
өңдеу өнеркәсібі – 1 147 адам (8%);
кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 829 адам (6% );
Еңбек мигранттары Қытай (3 768 адам), Өзбекстан (2016 адам, Түркия (1 411 адам) мен Үндістаннан (1 391 адам) көп келеді.
Айта кетері, 2023 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24% немесе 22 260 бірлік мөлшерінде белгіленді.
22 тамыз 2023 ж. 282 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031