Аудандық ауруханада Президенттің кезекті Жолдауы талқыланды

Іс-шараға облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Ибайдулла Тілеп пен аудандық мәслихат депутаты Күншығар Әбілов қатысты.
Жиында халық қалаулылары Жолдауда Мемлекет басшысы тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын көтеруде орасан рөл атқаратын әр салаға айрықша назар аудара отырып, еліміздің дамуының негізгі бағыттарын белгілегенін атап көрсетті.
-Президент өз жолдауында әлеуметтік саланы дамыту туралы сөз еткен болатын. Осы орайда елімізде 400-ге жуық мектеп пен 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатқанын атап өтті. Азаматтардың әл-ауқатын жақсарту бағытында біртіндеп жұмыстар атқарылуда. Бүгінде медициналық нысандардың үшеуі ауданымыздың Абай, Бозкөл және Кәукей ауылдарында салынуда, - деді Ибайдулла Тілепұлы.
Одан соң, сөз алған аудандық мәслихат депутаты Күншығар Әбілов бұл жолғы Жолдаудың ерекшеліктеріне, Мемлекет басшысының күрделі міндеттерді жүзеге асыруға 3 жылға нақты мерзім бекітуінің маңыздылығына тоқталды.
#AMANAT