Қазақстанда құрастырылған көлікті сыйға тартты

Қазақстан алаңында металлургия, химия, жеңіл өнеркәсіп және фармацевтика, құрылыс индустриясы, автокөлік құрастыру, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және басқа да салалар бойынша 130-дан астам кәсіпорынның өнімдері қойылған. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан экспозициясын көруге келгендер тыңайтқыш, алюминий және зергерлік бұйымдар, медициналық жабдықтар, космос аппаратының макеттері, компьютерлер, телекоммуникациялық қондырғылар, ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттары, құрылыс материалдары, киім-кешек, дәрі-дәрмектер, медициналық бұйымдар
және басқа да көптеген отандық өнім түрлерімен танысты.



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық павильон экспозицияларымен танысу барысында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға Қазақстанның атынан отандық QazTechna компаниясы құрастырған мектеп оқушыларына арналған автобус және VibroLUNG медициналық жабдығының 3 жиынтығын сыйға тартты.