Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Азық-түліктің бағасы 40 процентке қымбаттады – Тоқаев

Азық-түліктің бағасы 40 процентке қымбаттады – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "KazRost Engineering Ltd." компаниясына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан президентінің Ақмола облысына жұмыс сапары ресейлік "Ростсельмаш" компаниясымен арадағы ынтымақтастық аясында VECTOR410KZ және ACROS астық жинау комбайндарын құрастыратын "KazRost Engineering Ltd." кәсіпорнының жұмысымен танысудан басталды. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы техникалары мен тракторлар құрастыратын цехты аралап көрді.
Компания директоры Қайрат Қалманбаевтың айтуынша, былтыр 29,5 миллиард теңгеге 504 комбайн шығарылған. Биыл жыл соңына дейін 598 комбайн және YTO маркалы 300 дөңгелекті трактордың төрт түрін шығару жоспарланып отыр. Қазіргі таңда кәсіпорында 162 адам еңбек етеді.

Мемлекет басшысы компанияның шығарып жатқан өнімі Қазақстанның солтүстік өңіріндегі тың жерлер үшін маңызды екенін атап өтті.
"Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау біз үшін басым бағыт саналады. Үкімет ауыл шаруашылығы мәселелерімен айналысуы қажет. Әлемде не болып жатқанын көріп отырсыздар. Азық-түліктің бағасы 40 процентке қымбаттады. Біз еліміздегі бағаны ұстап тұруға тырысамыз. Бірақ бұл оңай емес. Аталған мәселелерді шешеміз. Әрине, Қазақстан ауыл шаруашылығы дамыған ел болуы тиіс. Біз іс жүзінде өзімізді ауыл шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз етуге көшуіміз керек. Қазір ірі компаниялармен және инвесторлармен жұмыс істеп жатырмыз", – деді президент.

27 шілде 2021 ж. 603 1

Neal от 30 мамыр 2025 08:48
You actually said this terrifically. casino en ligne This is nicely said. . casino en ligne Amazing many of helpful knowledge. casino en ligne France Very good material, With thanks. casino en ligne Thank you! Useful information. casino en ligne Really loads of helpful knowledge. casino en ligne France Very well expressed certainly! ! casino en ligne Regards. I appreciate it! casino en ligne This is nicely said. ! casino en ligne France This is nicely said! . casino en ligne

Биіктей бер, бас қала!

05 шілде 2025 ж. 176

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031