Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жұмыскерлердің жалақысын көтеру үшін қазынадан 2,5 трлн теңге бөлінеді

Қазақстанда жұмыскерлердің жалақысын көтеру үшін қазынадан 2,5 трлн теңге бөлінеді

Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы мәжілісте "2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын таныстырды. Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Абзал Бейсенбекұлы "Халықтың табысын арттыру бағдарламасын іске асыру үшін келесі жылға 3,5 трлн теңге қарастырылғанын атап өтті.
1,5 миллионнан астам жұмыскердің жалақысын көтеру үшін 2,5 трлн теңге бюджеттен бөлу қарастырылған. Ал өңірлік жұмыспен қамту карталары аясында 724 млрд теңге бөлінсе, "Ауыл аманаты" жобасы аясында 100 млрд теңге бөлінеді. Мемлекеттік және әлеуметтік қолдау бойынша жүйелі шараларды іске асыруға 378 млрд теңге көзделген.
Сондай-ақ вице-министр 2024 жылға әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстар 5,3 трлн теңгені құрайтынын атап өтті. Оның ішінде базалық зейнетақы мен жәрдемақы инфляция деңгейіне, ынтымақты зейнетақы инфляциядан 2%-ке индекстеледі.
"Балалары бар отбасыларды қолдау үшін бала күтімі кезеңі 1,5 жасқа дейін ұлғайтылды. 2023 жылдан бастап 93 мыңға жуық көпбалалы анаға жәрдемақы көбейтілді. Осы мақсатқа 2024 жылы 93,3 млрд теңге көзделген", – деді Абзал Бейсенбекұлы.
Қаржы вице-министрі әйелдердің зейнеткерлік жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалғанын да айтып өтті. Бұл 150 мыңнан астам адамға қатысты болады. Ол үшін есепті кезеңде 473 млрд теңгеге жуық қаражатты қажет етеді.
11 қыркүйек 2023 ж. 264 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 134

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 135

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 140

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 124

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 121

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 136

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031