Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа дүкен ел игілігіне

Жаңа дүкен ел игілігіне

Бекарыстан би ауылының халқы үшін қуанышты күн. Себебі, елді мекеннен “Сыр-Сұлтан” атты азық-түлік және тұрмысқа қажетті тауарлар дүкені ашылды.
Енді ауыл тұрғындары алысқа бармай-ақ, арзан бағада азық-түлік пен тұрмысқа қажетті тауардың барлығын осы жерден таба алады.
Кәсіпкерлік саласында 25 жылдық тәжірибесі бар Ертай Тоқболатов жаңа ғимараттың ашылуын “Қазалы ауданының 95 жылдығына тартуым” дейді.
Нысанның лента қию рәсіміне Бақытжан Дүзелбайұлы арнайы барып, кәсіпкердің жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Ертай Кеңесбайұлына аудан әкімінің “Алғыс хатын” табыс етті.
Мерейлі сәттің куәсі болуға барша ауыл тұрғындары да жиналып, ауыл азаматының тағы бір белесті бағындырып, ел игілігі үшін жасап жатқан кәсібіне береке тіледі.
Айта кетейік, Ертай Қеңесбайұлы осы кәсібімен көршілес Арал ауданының Жаңақұрылыс, Шөмішкөл секілді тағы басқа да елді мекендерін қамтып отыр.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
11 қыркүйек 2023 ж. 221 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 152

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031