Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің тұрақты дамуын қамтитын құжат

Еліміздің тұрақты дамуын қамтитын құжат


Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Президентіміздің әрбір Жолдауы – еліміз үшін маңызды саяси оқиғалардың біріне айналып келеді. Жолдаудың басты мақсаты – халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартып, әл-ауқатын арттыру болып табылады.
Жолдауда көптеген маңызды, өзекті мәселелер қамтылды. Атап айтар болсақ, 2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы 2 есеге өсті. Дәрігерлердің де жалақысы артты. Ауылдық жерлерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысандары салынуда. 8 млн. гектар жер мемлекетке қайтарылды. Қабылданған реформалар жүзеге асып, нәтижесін көрсетуде. Елімізге 28 млрд. доллар инвестиция тартылып, рекордтық көрсеткішке жетті. «Мемлекеттік сатып алу» туралы жаңа заң жобасы әзірленуде. «Ауыл аманаты» бағдарламасы несие берумен шектелмей, ауыл шаруашылығы саласының техника паркін жаңарту қажет. Суды көп қажет ететін дақылдарды егуді шектеп, пайдасы бар әрі тиімді, суды аз қажет ететін дақылдар егу қажет. АЭС салу немесе салмау мәселесін халықтық референдум арқылы шешілуі тиіс. Суды үнемдеу мақсатында кем дегенде 20 су қоймаларын салу қажет. Суды барынша үнемдеуіміз қажет. Су шектеулі ресурс. Осы орайда, Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады. Еліміздің су саласында түпкілікті реформа жасалады. Көлік министрлігін қайта құрған дұрыс. Бұл жол салуда үлкен роль атқарады. «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аз уақытта өзінің тиімділігін көрсетті. 2024 жылдан бастап ең төменгі жалақы 85 мың теңге болатыны айтылды.
Жолдау еліміздің барлық саласына серпін беріп, нақты жоспарға негізделген тарихи құжат. Сондықтан, баршаңызды Жолдауда көрсетілген мақсат-міндеттерді бірлесіп атқаруға шақырамын.
09 қыркүйек 2023 ж. 191 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031