Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдауда өзекті мәселелер қамтылды

Жолдауда өзекті мәселелер қамтылды

Еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауы биыл да жаңа оқу жылының басталуымен қатар келді. Президенттің әр жылғы Жолдауы – тарихи құжат.
«Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын менде қарап толық тыңдап шықтым. Жолдауда жаңа реформалар нақты белгіленіп, тиісті өзгерістер аталды. Жолдауда қазіргі уақытта өзекті деп саналатын күрмеуі қиын мәселелердің барлығы дерлік қамтылды десек болады. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы ел ішінде саяси реформалардың жаңа бағытына жол ашты. Жолдаудағы бастамалар Жаңа Қазақстанды құру жолындағы батыл шешім деп айтуға толық негіз бар. Қасиетті Отанымызды бірге өркендетуге шақырған ел Президентіне қолдау көрсету – баршамыздың міндетіміз.
Райымбек БӨЛЕБАЕВ,
аудандық мәслихат депутаты
#AMANAT
01 қыркүйек 2023 ж. 195 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды