Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жүк тасымалдау тарифі көтерілетінін хабарлады

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жүк тасымалдау тарифі көтерілетінін хабарлады

Жария тыңдауға шенеуніктер мен кәсіпкерлер қатысқан.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінде "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС хабарламасы бойынша жария тыңдау өтті, деп жазады inbusiness.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиында "ҚТЖ-Жүк тасымалы" компаниясының темір жол көлігімен жүк тасымалдау және локомотивтік тартым қызметіне бағаның алдағы уақытта өсетіні жөніндегі хабарламасы қаралды.
"Жария тыңдау ТМРК Темір жол көлігі және порттар саласындағы реттеу басқармасының басшысы Азамат Абиевтің төрағалығымен тұтынушылар мен субъект арасындағы тепе-теңдікті сақтау, тауарлараға (жұмыстарға, қызметтерге) баға белгілеу барысының жариялылығын, ақпараттылығын, ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды. Оған мемлекеттік органдар, "Атамекен" ҚР ҰКП, ассоциациялар өкілдері және өзге де қызығушылық танытқан тұлғалар қатысты. "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС атынан Бас директордың экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары Шолпан Омарбекова сөз сөйледі", - делінген хабарламада.
Табиғи монополияларды реттеу комитеті жария тыңдау барысында айтылған ескертулер субъекттің хабарламасы бойынша түпкілікті шешім қабылдау және тиянақты талдау жүргізу кезінде ескерілетінін мәлімдеді.
07 қыркүйек 2023 ж. 225 0

Алматыда жер сілкінісі болды

22 желтоқсан 2025 ж. 153

Бүгінге валюта бағамы қандай

22 желтоқсан 2025 ж. 159

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031