Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақылы бөлімде оқитын студенттерге жатақхана беріле ме – министрліктің жауабы

Ақылы бөлімде оқитын студенттерге жатақхана беріле ме – министрліктің жауабы

Студент грантта оқи ма, ақылы бөлімде білім ала ма, барлығы жатақханадан орын алуға құқылы
Ғылым және жоғары білім министрлігі ақылы бөлімде оқитын студенттерге де жатақхана беруге болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды sputnik.kz.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайханның айтуынша, биылдан бастап заң талаптары күшіне еніп отыр. Оған сәйкес, студенттерді жатақханада орналастыру жағынан ешқандай шектеу болмауы керек.
"Студент грантта оқи ма, ақылы бөлімде білім ала ма, барлығы жатақханадан орын алуға құқылы", - деді комитет басшысының орынбасары орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Бірақ жатақхана орындарын тарату кезінде алдымен әлеуметтік жағынан осал санатқа кіретін студенттерге басымдық беріледі. Одан кейін оқу озаттары мен I курс студенттері орын алады. Алайда әрбір универсетте жатақхана орындары тапшы болғаннан кейін барлығына бірдей жете бермейді.
"Негізі, заң жағынан ешқандай шектеу жоқ", - деп атап көрсетті Абылайхан.
Айта кетері, биылдан бастап басқа қалаларда тұратын ата-анасынан айырылған студенттердің жатақханада тұру шығындары өтеуге шешім қабылданды.

06 қыркүйек 2023 ж. 228 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930