Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада тіл жанашырлары марапатталды

Қызылордада тіл жанашырлары марапатталды

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Қызылорда қаласындағы Достық үйінде «Тіл – татулық тірегі» атты фестиваль өтті.
Дәстүрлі сипатқа ие болған бұл фестиваль мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру, байтақ елімізде мекен етіп жатқан түрлі этностардың тілдеріне деген құрметті нығайтуды мақсат етеді.
Мерекелік фестивальде Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов сөз сөйлеп, барша жиылған қауымды айтулы мерекемен құттықтай отырып, бұл күннің маңыздылығын атап өтті.
Өңірдегі тіл саясатын жүргізуге сүбелі үлестерін қосып жүрген бірқатар түрлі сала мамандарын марапаттады. Соның ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғыс хатымен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Ассамблея жастар» ұйымының белсендісі, Славяне этномәдени бірлестігінің мүшесі Мясцов Никита Николаевич пен «Абай қазынасына саяхат» және «Мәміле» клубының жетекшісі Пак Елена Владимировна марапатталды. Ал «Үздік этномәдени бірлестік» номинациясын облыстық Корей этномәдени бірлестігі иеленді.
05 қыркүйек 2023 ж. 275 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 16

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 17

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 15

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 18

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 20

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031