Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Қызылордада халықаралық форум өтеді

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Қызылордада халықаралық форум өтеді

Ертең Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында халықаралық форум өтеді.

Ғылыми шараға 500-ге жуық оқытушы-профессор, шетелдік және отандық ғалым қатысады деп күтілуде. Пандемияға байланысты форумды офлайн және онлайн форматта өткізу жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің проректоры Абайбек Жүнісов мәлімдеді.

«Өздеріңізге белгілі, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы үкімет отырысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтудегі ерекшеліктерді атап өткен болатын. Мемлекет басшысы ел тарихындағы елеулі мереке кезінде құр даңғаза мен ысырапшылдыққа жол беруге болмайтынын, әрбір шараны елге пайдасы тиетін нақты істерге ұластыру қажет екенін баса айтты. Осыған орай, форумда қатысушылар «Қазіргі сын-қатерлер, дәстүрлер мен инновациялар: «Әлеумет. Тұлға. Құндылықтар» атты тақырыбында құнды ойларын айтып, пікір алмасады. Яғни Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, елдің экономикалық дамуы, рухани жаңғыру мен жастар мәселелері қозғалады. Айта кетейік, ғылыми шара барлық карантин талаптарына сай жүргізіледі», – деді Абайбек Талғатұлы.
29 маусым 2021 ж. 762 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 149

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031