Аудан әкімінің құттықтауы
Баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мейрамның әрбір адам өмірінде алар орны ерекше. Әсіресе, мектеп табалдырығын тұңғыш аттайтын балалардың жүрегінде осы күн мәңгіге сақталады. Ал, ұстаздар үшін жаңа бастамалар мен ізденістердің, жаңа идеялардың символы.
Бұл мейрамның әрбір адам өмірінде алар орны ерекше. Әсіресе, мектеп табалдырығын тұңғыш аттайтын балалардың жүрегінде осы күн мәңгіге сақталады. Ал, ұстаздар үшін жаңа бастамалар мен ізденістердің, жаңа идеялардың символы.
Еңбектің ең үлкені – Білім. Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі еліміздің болашағы да білім мен тәрбиеге тікелей байланысты. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы саланың жандануына ерекше көңіл бөліп келеді.
Жыл сайын заманауи үлгідегі мектептер мен балабақшалар тұрғызылып, оқу-тәрбие мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Мұны біздің аудан өмірінен де көруге болады. Мәселен, биыл Қ.Пірімов ауылындағы №92 орта мектеп күрделі жөндеуден өтсе, Әйтеке би кентінде 250 орындық мектеп құрылысы жүруде. Алда «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде Әйтеке би кенті мен Жанқожа батыр ауылынан 2 мектеп салынатын болады. Бұл балалардың сапалы білім алуы үшін жасалып жатқан шаралар.
Қадірлі ұстаздар!
Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін! Білім баспалдағын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерге ақ жол тілеймін.
Қиын да күрделі қызметте жүрген ұстаздар қауымының дендеріне саулық, ұрпағымызға сапалы білім, саналы тәрбие берудегі міндеттерін мінсіз, абыройлы атқаруларына тілектестігімді білдіремін.
Мереке құтты болсын!
Құрметпен,
Мұхтар Оразбаев,
Қазалы ауданының әкімі