Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Туристер Қазақстанда демалғаны үшін 20 пайыздық кешбэк алады

Туристер Қазақстанда демалғаны үшін 20 пайыздық кешбэк алады

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі төмен маусым кезінде ел аумағында туристік сапар үшін 5-20 пайыз аралығында туристік кешбэк енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды tengritravel.kz ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұртас Кәріпбаевтың айтуынша, бұл шара ұйымдастырылған демалыс мәдениетін дамытуға және ел ішінде саяхаттаудың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Мәселен, 1 түнеген туристке тур құнының 5 пайызы мөлшерінде өтемақы төлеу ұсынылады. Ал, 2 күн демалып, түнесе тур құнының 10 пайызын, 3 күн түнесе 15 пайызын қайтарып алады. Ең жоғары - 20 пайыз кешбэк 4 және одан артық күн демалғандарға беріледі.
Туристік кэшбек туроператорлармен қатар маркетплейстерден сатылып алынған турларға да төленеді. Маркетплейстер кэшбэкті өз қаражаты есебінен төлейді. Мемлекет кейін бұл шығынды өтеп береді.
"Бүгінгі таңда аталған ережелер жобасы әзірленіп, туристік нарық өкілдерімен талқылау жүріп жатыр", - делінген хабарламада.
01 қыркүйек 2023 ж. 509 0

Жұмбағы мол Жанкент

22 тамыз 2026 ж. 59

Қойнауы құт Қызылқұм

22 тамыз 2026 ж. 58

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31