Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Туристерге жұмсаған ақшасының 20 пайызын қайтарып беретін кешбэк жүйесі енгізіледі

Туристерге жұмсаған ақшасының 20 пайызын қайтарып беретін кешбэк жүйесі енгізіледі

Елімізде туристерге арналған кешбэк жүйесі пайда болады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлім етті, деп хабарлайды inform.kz.
«Халықаралық тәжірибені ескере отырып, Ұлытау, Абай облыстарын және басқа туристік бағыттарды дамыту мақсатында кешбэк енгізуді қарастырып жатырмыз. Қазір аталған жобаны ашық НҚА-ға жариялап, көпшілік назарына ұсыну жұмысы жүріп жатыр. Жоба қолданыстағы заңнамаға сәйкес әзірленеді. Мысалы, сіз Астанадан Ұлытау облысына турпакет сатып аласыз. Мемлекет сізге шартты түрде сол турпакеттің 20%-ын кешбэк ретінде қайтарып береді», - деді Асхат Оралов Астана халықаралық форумы барысында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.
Министрдің айтуынша, аталған жаңашылдықты келер жылы іске қосу жоспарланып отыр.
Мақсат – ішкі туризмді насихаттау және дамыту.
«Бұл жобаға бүкіл шағын және орта бизнес өкілдері мен турагенттер қатыса алады. Ішкі туризмді ілгерілетіп, туроператорларға қолдау көрсетуіміз керек. Осы орайда аталған жоба жақсы мүмкіндік деп отырмыз», - дейді ол.
08 маусым 2023 ж. 277 0

Екі облыста жол ашылды

23 наурыз 2026 ж. 100

Наурыз нақыштары

23 наурыз 2026 ж. 89

Төл мереке тойланды

23 наурыз 2026 ж. 104

Наурыз бата

23 наурыз 2026 ж. 103

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031