Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент жаңа ипотекалық бағдарлама енгізуді тапсырды

Президент жаңа ипотекалық бағдарлама енгізуді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жаңа ипотекалық бағдарлама енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Отбасы банкте" мұндай азаматтар үшін жеңілдетілген ипотека бағдарламасын қарастырған жөн. Бастапқы жарна – 10%, сыйақы мөлшерлемесі – 2-ден 5%-ке дейін. Үкімет әкімдіктермен бірлесіп, аталған бастаманы жан-жақты пысықтауы қажет", – деді ҚР Президенті Тоқаев Екібастұзда моноқалаларды дамыту жөніндегі кеңесте.
Президент мемлекеттік тұрғын үй саясаты аясында даму әлеуеті төмен моноқалалардан көшетін адамдарға жеке бөлім арнау керек деп санайды.
"Бұл азаматтарды перспективасы бар, дамыған, мамандарға мұқтаж қалаларға өз еркімен қоныс аударуға ынталандырады. Өнеркәсіптік моноқалалар тұрғындарының көбі білікті, сұранысқа ие жұмысшы және инженерлік мамандықтарда тәжірибесі бар екенін жақсы білеміз", - деді Тоқаев.
Президенттің пікірінше, ел ішінде де, моноқалалар ішінде де көші-қон процесін бақылауға алу өте маңызды. "Жекелеген моноқалалардың әлеуеті толық сарқылғанын күтіп, тек содан кейін ғана халықты қоныстандыру мәселесімен айналысуға болмайды", - деді ол.
Бұдан бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінген қаражаттың жұмсалуына сараптама жасайтынын айтқан болатын.
04 қараша 2021 ж. 609 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 142

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 134

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 121

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930