Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 5G пәтерде: Kcell ең заманауи желіні абоненттеріне жақындата түсті

5G пәтерде: Kcell ең заманауи желіні абоненттеріне жақындата түсті

Елімізде жоғары жылдамдықтағы 5G желісіне деген сұраныс артып, қолдану аясы кеңеюде. Осы тұста Kcell өз абоненттерін ең заманауи байланыс технологиясы 5G желісімен қуантты. Бір артықшылығы заманауи байланысты сымсыз, қабырғаларды бұрғылаусыз "Kcell auleti" құрылғысы арқылы тез әрі тиімді орнатуға болады. Бұл үйіңізді автоматтандырып бақылауға, жұмысыңыздың кідіріссіз жасалуына ең таптырмас дүние.
Еңкейген шалдан, еңбектеген балаға дейін қолында ұялы телефоны бар заманда ғаламтордың сапалы болуы үлкен маңызға ие. Бүгінде жоғары жылдамдықты интернет тек толық метражды фильмді жүктеуге ғана емес, күнделікті тіршілікте де үлкен қажеттілікке ие. Ал тұтыну қарқыны көбейе бастағандықтан 4G желілеріне жүктеме шамадан тыс артылғаны белгілі, сондықтан мобильді оператордың бүгінгі қадамы байланыс сапасын жақсарта түсері сөзсіз.
Қазір көпшілік үйін барынша автоматтандырып, өзін жайлы әрі қолайлы жағдаймен қамтамасыз етуге тырысады. Үйдегі шаруаны қашықтан бақылау, телефон арқылы барлық әрекетті жұмыста отырып-ақ атқару қазір таңсық дүние емес. Үйде бақылау камерасы болса, нақты уақытта не болып жатқанын кідіріссіз көруге болады. Ал үйде қашықтан немесе жеке курстарда оқитын оқушылар үшін интернеттің кідіріссіз жұмыс істеуі тіптен тиімді.
Әрине, осы тұста бәрі мінсіз жұмыс істеуі үшін байланыстың сапалы болуы маңызды. Ал 5G бұған таптырмас құрал.
Қазақстанда 5G желісін енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді. 2021 жылы желі сынақтан өткізіле бастаса, қазір міне Kcell пайдаланушыларына 5G қызметін ұсына бастады.
1 қыркүйек қарсаңында Kcell FWA сымсыз өнімін іске қосу арқылы тұрғын үйлерге технологиясына негізделген жаңа жылдамдықты 5G желісін орнатуға дайын. Бұл көп уақытты қажет етпейді әрі сізге тек SIM картасы мен роутер құрылғысы қажет болады.
Бүгіннен бастап барша қазақстандықтар Kcell абоненттік бөлімдерінен құралды алуына болады. Ал көп ұзамай барлық абоненттер қызметтерге тапсырысты үйден шықпай-ақ онлайн бере алады. Бұл Kcell сайтында және Kcell ұялы бағдарламасында қолжетімді. Мұнда өнімдермен танысуға және роутерлерге онлайн тапсырыс беруге болады.
Бүгінгі таңда FWA 5G желісі Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қолжетімді. Бесінші буын байланысы осы қалаларда кең ауқымда тарауда. Бұл қызмет жақын арада Қазақстанның өзге қалаларында да қолжетімді болып, толық қамтылады.
Дәл қазір елімізде 212 орын 5G желісіне қосылған. Атап айтқанда, Алматы қаласында – 90, Астанада – 70, Шымкентте 40-тан астам 5G базалық станциялары бой көтерген. Бұл тек бастамасы ғана, қамту картасы күн санап аумағын кеңейтуде.
2025 жылға дейін бесінші буын байланысы Қазақстанның барлық аумағында, облыс орталықтарында қолжетімді болады.
01 қыркүйек 2023 ж. 155 0

Ғайып болған елес ауыл

14 мамыр 2024 ж. 134

Қамыс басындағы қыз

14 мамыр 2024 ж. 121

Қарақұмға қой көшкенде

14 мамыр 2024 ж. 103

Аналар ардақталған күн

14 мамыр 2024 ж. 118

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031