Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 300 мың ауыл тұрғыны 4G-ге қол жеткізді

300 мың ауыл тұрғыны 4G-ге қол жеткізді

2022 жылдың басынан бері Kcell ұялы байланыс операторы бүкіл Қазақстан бойынша 300 мың ауыл тұрғындарын жоғары жылдамдықты мобильді интернетпен қамтамасыз етті.
Оператордың соңғы мәліметтеріне сәйкес, жыл басынан бері Қазақстан бойынша 113 ауылдық елді мекенде 114 базалық станция орнатылған.
Ең көп жұмыс күз айларында жүргізілді: қыркүйектен қарашаға дейін компания Қазақстанның 67 ауылындағы 120 000 ауыл тұрғындарын 4G мобильді интернетімен қамтамасыз етті.
Kcell ауылдық жерлерде 4G желісін қарқынды дамыту "Қазақтелеком" талшықты-оптикалық желілер жобасының арқасында мүмкін болғанын, оның аясында байланыс операторы Қазақстанның 800-ден астам ауылын қамтитын 14 000 км-ден астам оптика салғанын түсіндіреді. Осы инфрақұрылымның негізінде ұялы байланыс операторы ауылдар мен оның тұрғындарын сапалы ұялы байланыспен және жоғары жылдамдықты мобильді интернетпен қамтамасыз етіп, өз жабдықтарын жылдам орнатып жатыр.
Бұдан бөлек Kcell өз бастамасы аясында 2022 жылдың басынан бері 187 000 халықты қамтитын 52 ауылға LTE жабдығын орнатты. Мұнымен қоса компания "250+" мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрлық теңсіздікті жою бойынша жұмысты жалғастыруда, оның барысында 2020 жылдың басынан бері Kcell 250 және одан да көп халқы бар 900-ден астам ауылды қосты, осылайша 1,2 миллион ауыл тұрғындары интернетпен толық қамтылды.
21 қараша 2022 ж. 375 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930