Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Таңбалауға талап күшейеді

Таңбалауға талап күшейеді

2023 жылдың 22 қыркүйегінен бастап Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №143 шешімі негізінде «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне елеулі өзгерістер күшіне енеді. Бұл өзгерістер сүт өнімдерінің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ өндірушілерге өз өнімдерін таңбалау кезінде шығармашылық еркіндік беруге бағытталған.
2013 жылдан бастап техникалық регламент алғаш рет қолданысқа енгізілген кезде оны қолдану практикасы сүт өнімдерін өндірушілерге де, тұтынушыларға да қатысты бірқатар маңызды мәселе бойынша нақтылау қажеттілігін анықтады.
«Негізгі өзгерістердің бірі – сүт өнімде­рінің орауышында өсімдік майларының болуы туралы ақпаратты міндетті түрде орналастыру. Бұл талғампаз тұтынушыларға өнімді сатып алу туралы саналы шешім қа­былдауға мүмкіндік береді», дейді Қазақ­стан стандарттау және метрология инс­ти­ту­тының сарапшылары.
Сондай-ақ балалар тағамы өнімдерін сәйкестендірудің физика-химиялық көр­сет­кіштері өзгерді. Күл мөлшерін нормалау алып тасталды және Д дәруменінің мөлшерінің шегі ұлғайтылды. Балалар тағамын өндірушілердің пікірінше, осы өзге­рістер балалар тағамын өндіруді тұрақ­тан­дыруға және тұтынушыларды жоғары сапалы өнімдермен қамтамасыз етуге мүм­кіндік береді.
Жаңа түзетулер айран, сүзбе, таң және құрт сияқты ұлттық сүт өнімдерін нарықта қолжетімді ете отырып, ескеретінін атап өту маңызды.
Регламентте құрамында 6%-ға дейін сүт майы бар «құрамында сүт бар балмұздақ» термині пайда болады, бұл тұтынушылар үшін көбірек таңдау мен ақпарат береді. Бұрын құжатта тек ММҮ 12%-бен «сүт майын алмастыратын балмұздақ» термині бекітілген.
Сонымен қатар бұл өнімді байытуға мүмкіндік беретін қалпына келтіріл­ген сүттің анықтамасы енгізіледі. «Концен­тра­ция­ланған, қоюландырылған сүтті қайта өңдеу өнімі» санатын енгізу сарысуды қол­да­нуды кеңейтуге және өнімді стандарттау­ды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Өндірушілерге өз өнімдері үшін ойлап тапқан атауларды көрсетуге және бірік­ті­ріл­ген атауларды пайдалануға мүмкіндік бе­ре­тін шығармашылық еркіндік те ұсы­ныл­мақ.

23 тамыз 2023 ж. 281 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031