Қазақстанда сүт өнімдері қымбаттайды - Сарапшылар
Қазақстанда кейбір сүт өндірушілер іргедегі Ресейдің нарығына өз өнімдерін өткізе алмай қалған. Кәсіпкерлердің айтуынша, көрші елде енгізілген "Әділ белгі" жүйесі экспортқа кедергі келтіріп отыр. Талапқа сәйкес, бұдан былай Ресейге тасымалданатын өнімдер арнайы белгімен таңбалануы тиіс. Ал бұл талапты орындау кәсіпорын иелеріне қомақты шығын екен. Сондықтан, кәсіпкерлер сүт өнімдерінің бағасын көтеруі мүмкін дейді сарапшылар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Тәулігіне 400 тонна сүт шығаратын бұл компания еліміздегі ең ірі өндірістердің бірі. Кәсіпорын сүт өнімдерін ішкі нарықтан бөлек, Ресейге де емін-еркін сатып келген. Бірақ биылдан бастап экспорт тұралап, көрші елдің нарығына жол жабылыпты. Өйткені Ресей өнімнің қайда шығарылғаны көрсетілген "әділ белгі" жүйесін енгізуді талап еткен. Ал бұл талапты орындау, қомақты шығын деген кәсіпорын өкілдері амалсыздан экспортты тоқтатуға мәжбүр болған.
Тәулігіне 400 тонна сүт шығаратын бұл компания еліміздегі ең ірі өндірістердің бірі. Кәсіпорын сүт өнімдерін ішкі нарықтан бөлек, Ресейге де емін-еркін сатып келген. Бірақ биылдан бастап экспорт тұралап, көрші елдің нарығына жол жабылыпты. Өйткені Ресей өнімнің қайда шығарылғаны көрсетілген "әділ белгі" жүйесін енгізуді талап еткен. Ал бұл талапты орындау, қомақты шығын деген кәсіпорын өкілдері амалсыздан экспортты тоқтатуға мәжбүр болған.
“Ресей тауарларға "әділ белгі" таңбасын енгізгеннен кейін, тасымалды уақытша тоқтаттық. Өйткені өнімдерді таңбалау үшін жаңа қондырғы алу қажет. Одан бөлек сол елден филиал ашуымыз керек. Оның барлығы ақшаға кеп тіреледі. Шығынымыз 100 миллион теңгеден асып кетеді”, – дейді кәсіпорынның экспорт жөніндегі менеджері Денис Калашников.
Ал сауда және интеграция министрлігі қазіргі жағдайға отандық кәсіпкерлердің өздері кінәлі екенін айтады. Өйткені сүт өнімдеріне міндетті цифрлық таңбалауды енгізу тиімсіз деп, бас тартқан. Соның кесірінен отандық сүт өнімдерін сыртқа шығару қиындап кеткен.
“Қазақстанда да сүт өнімдерін міндетті таңбалау енгізілген болса онда келіссөздер арқылы кодтарды өзара тану қол жеткізуге болатын еді. Ондай жағдайда біздің кодтар Ресейде де. Еуразиялық одаққа мүше басқа елдерде де өзара танылады. Соның кесірінен енді Ресей нарығына шығу үшін қазақстандық сүт өндірушілер ресейлік таңбалау кодтарына тапсырыс беруі тиіс”, – дейді ҚР СИМ техникалық реттеу және метрология комитетінің бас сарапшысы Нұралы Нұрлыбай.
Ал Қазақстанның сүт одағындағылар Ресей осылайша өз тұтынушыларын қорғап отыр дейді. Өйткені еліміздегі сүт өнімдерінің 70 пайызы Еуразиялық одақ талаптарына сай келмейді. Яғни, сапасы төмен дейді.
“Қазақстанға Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде сүт өндірісін ретке келтіруге уақыт берілді. Бұл әсіресе, жеке шаруашылықтарда өндірілетін сүтке байланысты. Яғни, 2025 жылға дейін одақтас елдердің "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне сай болуы тиіс”, – дейді ҚР "Сүт одағы" қауымдастығының ресми өкілі Дінмұхамед Айсауытов.
Алдағы уақытта сүт өнімдерін таңбалау жаппай міндеттелсе, оның бағасы да қымбаттауы мүмкін. Өйткені өнімді өндірушілер қосымша шығындарын тұтынушы есебінен жабады дейді мамандар. Ал Қазақстан жылына жарты миллион тонна сүт өндірсе, оның 35 мың тоннасы ғана экспортқа жіберіледі. Бұл шығарылатын өнімнің бес пайызын ғана құрайды.