Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 20 млн теңге шығын келді. Жол белгілерін ұрлау тыйылмай тұр

20 млн теңге шығын келді. Жол белгілерін ұрлау тыйылмай тұр

Республикалық маңызы бар жолдарды тұрақты патрульдеуге және профилактикалық ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қарамастан жыл сайын жол инфрақұрылымы элементтерін ұрлау фактілері тіркеліп отыр, деп хабарлайды baq.kz.
Алайда, өткен жылдармен салыстырғанда жол инфрақұрылымы элементтерін ұрлау фактілері азаюда. Мәселен, 2023 жылдың басынан бері республикалық маңыздағы күре жолдардан шамамен 20 млн теңге сомаға жол инфрақұрылымы элементтері ұрланды (салыстырмалы түрде, 2021 жылы бұл шығын 60 миллион теңгеден асқан болатын). Жол бойынан көбінесе жол белгілері, үй жануарларының жолға шығып кетуінен қорғайтын торлы қоршаулар, катафоттар мен стробоскоптар ұрланады. Белгісіз адамдар жарық бағыттайтын екі үлкен трансформаторды ұрлаған жағдайлар да тіркелді, - делінген хабарламада.
Ұрланған жол инфрақұрылымы элементтері көбінесе тұрмыстық мақсаттарда қолданылады (фотодағыдай): төртбұрышты жол белгілерінен күректер, дөңгелек пішінді жол белгілерінен табалар мен қазандарға арналған қақпақтар, үй жануарларының жолға шығып кетуінен қорғайтын торлардан үй қоршаулары жасалса, жарықдиодты катафоттар велосипедтерге бекітіледі екен.
20 млн теңге шығын келді. Жол белгілерін ұрлау тыйылмай тұр
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын пайдаланушылардан мемлекеттік мүлікті ұқыпты ұстауға шақырамыз. Жол бойында орналасқан барлық жол инфрақұрылымы элементтері қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл мәселеде азаматтарымыздың жеке жауапкершілігі өте маңызды, - делінген ҚазАвтожол таратқан хабарламада.
Биыл жолшылар 8 мыңға жуық жаңа жол белгілерін, 19 мың дана катафоттарды, 3,5 мың шаршы метр шу жолақтарын және 10 мың сигнал бағанасын орнатты. Сонымен қатар, мамандар 9,7 мың қума метр тосқауыл қоршауларын жабдықтап, 23 мың шақырымнан астам жол таңба сызығын жаңартты. 179 автопавильон және демалыс алаңдарын жөндеді.Жол қозғалысы ережелерін сақтап, жол қауіпсіздігін насихаттау мақсатымен республикалық автотрассалардың бойында 300-ден астам жаңа ақпараттық панно орнатылды.
23 тамыз 2023 ж. 87 0

Кенеден кесел келмесін

22 сәуір 2025 ж. 74

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 135

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930