Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Спортшылар марапат төрінде

Спортшылар марапат төрінде

Тамыз айының үшінші жексенбісі – ҚР Спорт күні. Соған сәйкес бүгін Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығында мереке иелеріне арналған салтанатты шара өтті.
Аталған жиынға спортшылар, жаттықтырушылар, дене тәрбиесінің мұғалімдері және сала ардагерлері қатысты. Шараға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы қатысып, спортшыларға деген жүрек жарды лебізін жеткізді.
– Спорт – денсаулық кепілі десек, ауданда бұқаралық спортпен тұрақты түрде айналысатындар саны – 38 пайызға жетті. Спорт түрлері бойынша жерлестеріміз Әлем чемпионаттарында 1 күміс, Азия чемпионатында 4 алтын, 6 күміс медаль жеңіп алса, Халықаралық турнирлерде 3 алтын, 6 күміс, 8 қола медальды қоржынға салды. Сонымен қатар, спортшыларымыз ҚР-ның чемпионаттарына, халықаралық, республикалық, облыстық жарыстарға қатысып, 18 алтын, 26 күміс, 31 қола медальға қол жеткізді. Бұл аудан спортшыларының жанқиярлығы мен қайсарлығының арқасында жеткен жетістік.
Кез келген мықты спортшылардың артында білікті бапкерлердің тұратыны анық. Сондықтан аудан жаттықтырушыларының да еңбегі орасан. Мерейлі мерекеде Сіздерге зор денсаулық, жеңіс жолында табыстар тілеймін, – деді аудан басшысы.
Мұнан соң ел спортының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген сала ардагерлері мен бірқатар жаттықтырушылар, дене тәрбиесінің мұғалімдері және спортшылар аудан әкімі, облыс әкімі мен облыстық мәдениет және спорт басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталады.
Шарада аудан өнерпаздары спортшылардың құрметіне ән салып, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
22 тамыз 2023 ж. 300 0

Бүгін ауа райы күрт бұзылады

09 қыркүйек 2025 ж. 215

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930