Қазақстандықтар азық-түлікке табысының қанша пайызын жұмсайды
Қазақстандықтар табысының 49,4 пайызын азық-түлікке жұмсап отыр. Дәл осындай көрсеткішке Өзбекстан мен Ангола елдері ие, деп хабарлады azattyq-ruhy.
Picodi.com сарапшылары 105 ел бойынша зерттеу жүргізіп, қандай елдің тұрғындары тамақтануға қанша қаржы жұмсайтынын есептеген. Жиналған деректер елге байланысты барлық тұтыну шығындарының бірнеше пайызынан жартысына дейін азық-түлікке жұмсалатынын көрсетеді.
Мысалы, үйде тұтынылатын тамақ пен алкогольсіз сусындар барлық шығындардың орта есеппен 1/10 бөлігін құрайтын елдерге мыналар жатады: АҚШ — 6,7%, Сингапур — 8,4%, Ұлыбритания — 8,7%, Ирландия — 9,2%, Швейцария — 9,9%.
Қазақстан бұл рейтингте 105 елдің арасында 99-шы орында тұр: азық-түлік пен алкогольсіз сусындар тұтыну тауарлары мен қызметтеріне жұмсалатын шығындардың 49,4%-ын құрайды. Оның нәтижесі Өзбекстан (46,5%) және Анголада (49,7%) сияқты болып отыр.
Қарастырылған елдердің ішінде Нигерияда (59%), Мьянмада (56,6%) және Кенияда (56,1%) азық-түлік шығындарының ең жоғары пайызы көрсетілген.