Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттығымызды ұлықтайтын құндылық

Ұлттығымызды ұлықтайтын құндылық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайда «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде:Өскелең ұрпақтың тәрбиесі – өте маңызды мәселе екеніне тоқталып, «Балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеген абзал» екенін айтып, отаншылдық және мемлекетшілдік қасиет әр баланың бойынан табылуы қажет екенін атап көрсеткен еді.
Осы орайда осыдан бірнеше жыл бұрын қолданысқа енген «Электронды қазақ үй» туралы айта кеткен жөн. Мазмұны мен жоба үлгісі жағынан ұлттық құндылықты дәріптейтін бұл техника сапалы бөлшектерден, залалсыз материалдардан жасалған. Жобаның авторы «Ұлас-Электрон» ЖШС директоры Ғалымбек Қызырбекұлы. Жауапты редакторы Жарқын Сәленұлы.
«Электронды қазақ үй» плеер-аудио жинағы ұлттық нақышпен әсем бейнеленген. Жаңа технология қазақ тілі мен халық музыкасын, бабаларымыздың бай рухани мұрасын жалпыға насихаттап, адамдардың тілдік қорын байытып, рухын көтеретін, өз ұлтының дәстүрін ардақтап, ана тілі мен мәдениетін сүюге және азаматтардың патриоттық сезімін асқақтатуға септігін тигізеді. Заманауи құралға 1200 шығарма енгізілген. Онда отаншылдық рухтағы әндер, Абайдың қара сөздері, қазақ ертегілері, балалар әндері мен дәстүрлі ән-күйлер, терме-толғаулар аса талғампаздықпен енгізілген.
– «Электронды киіз үй» – тілдік қорды байытып, рухты көтеретін заманауи құрал. Мақсат – ұлттық рухы биік ұрпақ тәрбиелеу. Бізді толғандырған мәселе – ұрпақ тәрбиесі болды. Қалалық жерде балалардың көпшілігі орысша тәрбиелене бастады. Бұл алаңдарлық жағдай. Бастапқы кезде ата-әже қылып жасаймыз ба деген де ойлар болды. Ойласа келе, киіз үйді таңдадық. Себебі, сырты да, іші де тұнып тұрған тәрбие болғанын қаладық. Бұнда барлық дүние аса талғампаздықпен салынды. Бала санасына оң әсер ететін, өнегеге толы, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулитын ертегілер, рухты көтеретін, сана-сезімді оятатын әндерді енгіздік, тілге, мәдениетке деген құрметін арттыратын туындыларды топтастырдық.
Батыр Бауыржан Момышұлы атамыз: «... Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан қорқамын. Екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын. Үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын.
Өйткені, бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп, өспеген баланың көкірек көзі көр болама деп қорқамын...» деген екен расында да елдің болашағы жарқын, келешегі кемел болуында ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп, өскен ұрпақтың алар орны ерекше, – дейді жоба авторы Ғалымбек Қызырбекұлы.
Электронды қазақ үй – қазақтың дәстүрлі киіз үй пішінінде жасалған. Ішіне сақталған дыбыстарды қояды. Сыртынан қосылған USB флеш карталардың ішіндегі дыбыс форматтарды оқиды. Қысқа толқынды радионы қабылдайды. Үй арқылы қазақ халық ертегілерін, тиек сөздер, балалар әндері, күйлер, дәстүрлі әндер, терме-толғаулар, Отаншылдық рухтағы әндер, бесік жыры, белгілі актер Болат Әбділманов оқыған Абайдың қара сөздерін тыңдай аласыз.
Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Айдос Бектемір мен Сауық Жақан оқыған ертігілермен басталатын аудио жинақта барлығымызға бала кезден таныс «Ақ көгершін», «Айгөлек», «Қошақаным қайда екен?», «Жалқаубек», «Қуыр, қуыр, қуырмаш» әндерінен бөлек, өзге де жүздеген ән бар. Көрнекті композитор Әсет Бейсеуовтің балалар тақырыбына ақын Серік Тұрғынбекұлымен бірлесіп жазған «Құралай» мен «Томпаңбай» әндері де плеер-аудио жинақтан табылады.
Патриоттық әндер Мемлекеттік Әнұранымызбен ашылады. Одан кейін Ескендір Хасанғалиевтың «Атамекенімен», Нұрғиса Тілендиевтің «Өз елім», «Саржайлау», «Алатау» әндерімен жалғасады. Мұхтар Шахановтың «Рух пен тіл», «Желтоқсан тағылымы» әндері де қисынды енгізілген. Сондай-ақ, «Қара бауыр қасқалдақ», «Көк тудың желбірегені» сынды сүйікті әндер табылады. Кейінгі шыққан туындылардан мұнда Ержан Серікбаевтың «Жаса, Қазақстан!», жас әнші-композитор Ибрагим Ескендірдің «Аманат», Руслан Мамытовтың «Жаса, қазағым!» әндері топтастырылған.
Халқымызда тек домбыра күйлері ғана емес, қобыз, сыбызғы күйлері де бар. Сонымен бірге сазсырнай мен жетіген, шаңқобыз, адырна, шертер сынды көне саз аспаптарында орындалатын болса, әуенділігі бұзылмайтын шығармалар да мол. Осылардың барлығын майталман күйшілер мен орындаушылар жеткізеді.
Халық және халық композиторларының әндері бөлімінен жұртты сағындырған Кенен Әзірбаев, Жүсіпбек Елебеков, Дәнеш Рақышев, Жамал Омарова, Манарбек Ержанов, Жәнібек Кәрменов секілді дүлдүл әншілердің дауыстарын тыңдауға болады.
– Жобаны 2011 жылы қолға алдық. Жасап, шығаруға үш жылдай уақыт кетті. Сыртандығ пластигінің өзі ыдыстар жасайтын таза пластик. Боялары да зиянсыз. Қырлары да баланы зақымдамайды. Сапасына да ас мән бердік, – дейді жоба авторы Ғалымбек Қызырбекұлы.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
14 тамыз 2023 ж. 594 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930