Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде жеміс пен көкөніс шырындары бір жылда 22,7%-ға қымбаттады

Елімізде жеміс пен көкөніс шырындары бір жылда 22,7%-ға қымбаттады

Бағаның ең жоғары өсімі Ақмола облысында тіркелді.
Қазақстанда биылғы қаңтар-маусым аралығында 36,3 млн литр жеміс пен көкөніс шырындары өндірілді. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 1,4%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.
Өндірістің 34,4 млн литрі жеміс шырындарының үлесіне тиді. Оның ішінде апельсин шырыны – 14,2 млн литр, алма шырыны – 7,3 млн литр, ананас шырыны – 985 мың литр.
Бұдан бөлек 1,8 млн литрден астам көкөніс шырыны шығарылды. Мұнда өндірістің барлық дерлік көлемі (1,8 млн литрден аз) қызанақ шырынына тиесілі.
Осы жылғы маусым айының қорытындысы бойынша жеміс пен көкөніс шырындарының бағасы бір жылда 22,7%-ға өсті. Жеміс шырындары 22,6%-ға, көкөніс шырындары 23,9%-ға қымбаттаған.
Республика бойынша табиғи шырын бағасы Ақмола облысында айтарлықтай өскен: +42,1%. Антилидерлер қатарында Батыс Қазақстан (37,2%-ға), Қызылорда (36%) және Жетісу (35,7%) облыстары бар.
Секторда ең аз қымбаттау Павлодар (+11,3%) және Қарағанды (+11,6%) облыстарында тіркелді.
Маусым айында табиғи шырын бағасы 1,8%-ға артты.
08 тамыз 2023 ж. 227 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 144

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 200

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 169

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 148

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 163

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930