Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың саны 3,8 пайызға азайған

Су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың саны 3,8 пайызға азайған

Жазғы маусымда азаматтардың суға кету оқиғаларының алдын алу мақсатында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары үздіксіз рейд жұмыстарын жүргізуде. Осы белсенді іс-шаралардың нәтижесінде су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың саны былтырғы жылмен салыстырғанда 3,8 пайызға азайған. Дегенмен, сала мамандары суға түсу барысында сақтық шараларын қатаң сақтау керектігін ескертеді.
«Облыстағы су айдындарында тұрғындардың белгіленбеген аумақта суға түсуі салдарынан қайғылы оқиғалар жиі тіркеледі. Дегенмен, өткен жылмен салыстырғанда суға кету оқиғалары 3,8 пайызға азайып отыр. Жалпы судағы оқыс оқиғаларының негізгі себебі – қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуынан болып отыр. Атап айтқанда, өзен немесе каналдардың кез келген жерлеріне суға түсу, спирттік ішімдік ішіп қауіпсіздік ереже сақтамау, балаларды бақылаусыз қалдыру. Қазіргі таңда төтеншеліктердің қатысуымен су айдындарында 517 рейд өткізіліп, 36 мыңнан астам адамға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар, су айдындарында 63 қауіпті аймаққа 310 ескерту тақтайшасы мен 68 билборд орнатылды», – деді облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін атқарушы Жандос Жүгінісов.
08 тамыз 2023 ж. 254 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031