Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігерлер туберкулезден сақтану жолдарын ескертті

Дәрігерлер туберкулезден сақтану жолдарын ескертті

Туберкулез - қауіпті инфекциялық ауру. Ол әртүрлі ағзаларға (өкпе, бүйрек, ішек, сүйектер мен буындар, ми қабықтары) әсер етеді, деп хабарлайды inform.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Адам туберкулезді жұқтыруы мүмкін:
– туберкулезбен ауыратын адаммен сөйлескен уақытта жөтелген кезде (ең қауіпті фактор - науқастың қақырығы, қолайсыз әлеуметтік жағдайларда иммунитеттің төмендеуі, дұрыс тамақтанбау, стресс, алкоголизм, темекі шегу, нашақорлық),түшкіру, әңгімелесу кезінде (тері, шырышты қабық, жоғарғы тыныс жолдары арқылы), сондай-ақ ананың құрсағындағы ұрықтың жұқтыруы;
- ауру жануарлардың сүт өнімдерін жеген кезде.
Туберкулез ауруының белгілері:
жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық, ұзаққа созылған жөтел және дене температурасының 37 және 37,5ᵒС дейін көтерілуі, түнде терлеу, аз жүктеме кезінде ентігу, қан түкіру.
Негізгі ескерту шаралары:
Жыл сайын дәрігерге бару, флюрографиядан өту, балаларды БЦЖ вакцинациялау, денені қатайту, спортпен шұғылдану, дұрыс калориялы, байытылған тамақтану, еңбек пен демалыстың ұтымды режимі, жаман әдеттерден бас тарту, гигиена ережелерін сақтау.

07 тамыз 2023 ж. 224 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930