Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Туберкулез – адамзаттың басты инфекциялық жауы

Туберкулез – адамзаттың басты инфекциялық жауы

Бірнеше он жылдар бойы науқастарды емдеу үшін тиімді дәрі болса да, жыл сайын туберкулезден миллион адам қайтыс болады. Біздің ғаламшарымыздың үлкен бөлігінде инфекциялық аурулардың ішінде туберкулездің «№1-ші өлтіруші» болып қала беретініне назар аударту үшін 24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні өткізіледі.
Бұл күн жайдан-жай таңдалған жоқ. 120 жыл бұрын бұл күні Берлинде Роберт Кох ғылыми жұртшылық үшін таңғаларлық өтініш жасаған болатын. Ол осы қауіпті аурудың қоздырғышы-туберкулез микобактериясын ашқаны туралы хабарлады. Солжылдары туберкулез Европа мен Америкада кең таралған, ол ғаламшардың әр жетінші тұрғынының қазасының себебі болатын. Жаңалық осы ауруды диагностикалау және емдеу саласында елеулі түрде жылжуға мүмкіндік берді. Туберкулез көбіне тыныс алу мүшелерін (еңбастысы өкпе мен бронхты) зақымдайды, бірақ басқа да мүшелерді зақымдауы мүмкін, мысалы, сүйектер мен бұлшықеттер. Осы айырмашылықтарына қарай туберкулездің екі негізгі түрі бар. Өкпе туберкулезі және өпеден тыс туберкулез. Өкпе туберкулезі ұзақ уақыт бойы симптомсыз өтеді және флюорография немесе кеуде жасушасын рентген суретіне түсірген кезде анықталады. Туберкулездің белгілері: жөтелу және қақырықтың бөлінуімен жөтелу, кейде қанмен;ұзақ уақыт бойы 37-37,5 градусқа дейін дене қызуының жоғарлауы;тез шаршау және әлсіздіктің пайда болуы;тәбеттің болмауы немесе азаюы, салмақ түсіру;көп терлеу, әсіресе түнде;денеге кішкене жүк түсірген кезде ентіге бастау.Үш аптаның ішінде жоғарыда аталғандардың біреуі сақталған кезде бірден терапевт немесе фтизиатр дәрігерге шұғыл бару керек.Туберкулезді ерте анықтау және дұрыс емдеу кезінде жұқтырған адамдар бактерия таратуды тоқтатады және емделуі мүмкін.Халық үшін негізгі қауіп өкпе туберкулезі, өйткені ауруды тарату жолы –ауа-тамшы арқылы. Дені сау адам туберкулезбен ауыратын науқас жөтелген, түшкірген және онымен сөйлескен кезде жұқтыра алады.Туберкулездің ашық түрімен ауыратын бір науқас 24 сағат ішінде он миллиард бактерия бөледі, жөтелген кезде ауа арқылы таралады және қоршағандарға жұқтырады.
Туберкулезбен ауыратын науқастармен байланыста болған кез келген адам туберкулезбен ауруы мүмкін. Байланыстың жақын болғанына қарай, ауру қауібі жоғары болады. Негізінен, туберкулездің дамуына ағзаның қорғаныш күштерінің азаюы әсер етеді: басына түскен қатты ауру, дұрыс тамақтанбау, күйзелісті жағдайлар, АИТВ-инфекция. Туберкулезді әсіресе мектеп жастағы балалар мен егде адамдар қабылдағыш. Бірақ туберкулезбен ауыратын науқастармен байланыс жасаған адамдардың барлығы ауырмайды. Ағзаны қорғауға және сол немесе басқа аурулардың пайда болуыны иммунитеттік жүйе жауап береді. Туберкулездің дамуы мен өршуі ағзаның әлсіз иммунитеттік жүйесінің нәтижелері болып табылады. Туберкулезбен ауырмау үшін не істеу керек. Шылым шекпеңіз. Ол тыныс алу жолдарының жергілікті қорғанышын әлсіретеді, ағзаның барлық иммунитетін азайтады. Ішімдікке салынбау – ол ағзаның жалпы қорғанышын азайтады. Құнарлытамақтану. Жиітексеріліңіз –Қазақстанда туберкулезді ерте анықтау үшін халықты жаппай профилактикалық флюорографиялық тексерулер өткізіледі. Зерттелу тегін. Вакциналау – туберкулездің таралуын ескертетін маңызды қадам. Балалар туберкулездік инфекцияларға аса жақын және екпе егілмеген балалардың туберкулезбен ауруы ықтимал.
Емдеу туралы айтар болсақ, ауыр антибиотиктер қабылдау керектігіне, жанама әсер болатынына қорықпаңыз. Қазіргі заманғы жағдайда, әсіресе ауру уақытылы анықталған жағдайда туберкулез жақсы емделеді. Ең бастысы емді үзбеу, себебі дәрі-дәрмекпен емделмеу, туберкулездің ауыр, емге қонбайтын, орнықты дамуына әкеп соқтыруы мүмкін.
Үйіңізде туберкулезбен ауыратын адам болса, не істеукерек? Туберкулез талшықтарын бөлетін науқас мамандандырылған ауруханада емделеді. Ем ұзақ болады, бірақ ол туберкулезді жеңудің қажетті шарты болып табылады. Науқасқа үйде болуға, яғни амбулаториялық жағдайда емделуге рұқсат берсе, онда ол дәрілік заттарды жиі қабылдауды жалғастыруы тиіс. Бұл кезеңде жақын адамдардың қолдауы аса маңызды. Оның үйде болуына жағымсыз көзқарасыңызды көрсетпеңіз. Оның өзіне сырқаттану күйзеліс жағдай болып табылады, әсіресе жақын адамдардың оған деген ашықтан-ашық сақтық қатынастары қосымша психологиялық зақым болады.
Науқасқа осы ауыр кезеңде отбасының барлық мүшелерінің қолдайтынын білдіріңіз, бірақ отбасы мүшелеріне жұқтырмау үшін дәрігердің нұсқаулықтарын қадағалау және қауіпсіздік шараларын қолдану қажет. Науқас пен байланыс жасаған барлық отбасы мүшелері, сонымен қатар адамдар туберкулезге жиі тексерулері керек. Демалу, еңбек ету режимін дұрыс қадағалағалаған, дәрігердің барлық нұсқаулықтарын орындаған жағдайда науқастағы аман болады

Айжанат САРСЕНБАЕВА,
фтизиатр

12 наурыз 2023 ж. 553 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930