Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада туберкулез жұқтырғандар саны азайып келеді

Қызылордада туберкулез жұқтырғандар саны азайып келеді

Қызылорда облысында 2023 жылдың 6 айында туберкулезбен аурушаңдық өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,9%-ға төмендеді, деп хабарлайды baq.kz ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Туберкулез ауруының негізгі көзі – ашық түрдегі туберкулезі бар науқас адам. Адам туберкулез таяқшасымен зақымданған шикі сүтті және басқа да сүт өнімдерін пайдалану кезінде, ауру жануарға күтім жасау барысында туберкулезді жұқтыруы мүмкін. Алайда туберкулезді жұқтырғандардың барлығы науқас болып саналмайды. Себебі иммундық жүйе қоздырғыш үшін тежеу бола алады. Иммундық жүйесі әлсіреген адамның ауырып қалу қаупі жоғары.
Туберкулез белгілері бірден байқалмайды. Әдетте, ол ұзақ уақыт бойы ағзада дамып, көбіне өкпе тіндерін зақымдайды. Оның белгілерінің жүре келе пайда болатыны да сондықтан. Бірақ көп ұзамай тоқтаусыз жөтелу, кейде қан аралас қақырық түсу, кеуде қуысының ауыруы, өз-өзін жайсыз сезіну, салмақ жоғалту, қалшылдау сынды белгілер байқалады. Мұндай жағдайда міндетті түрде емханаға барып тексеруден өту қажет.
Жаңа туған нәрестелерге перзентханадан шықпай тұрып, туберкулезге қарсы екпе егіледі. Екпе құрамында әлсіреген туберкулез таяқшалары болады. Вакцина құрамындағы бактериялар ағзаға түскеннен кейін иммунитет қалыптасады. Перзентханада егілген туберкулезге қарсы екпе адамды ұзақ уақыт бойы осы аурудан қорғайды. 7 жаста вакцина қайта салынады. Қайта егу алдында туберкулезге қарсы сынама жасалады.
Ал ересектер профилактикалық тексерулер мен скринингтерден уақтылы өтіп тұруы тиіс. Флюрографиядан өз уақытында өтудің арқасында туберкулезден ересектер өздерін қауіпсіздендіріп, балаларға жұқтыру қаупін сейілтеді.
Ағзаның саулығы, негізінен, дұрыс тамақтануға, дұрыс демалуға, қимыл-қозғалысқа, өмір сүру салтына тікелей байланысты. Сондықтан сақтық шараларына салғырт қарауға болмайды!, - деп ескертті ДСМ мамандары.
02 тамыз 2023 ж. 158 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930