Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектепке жол: Көмекке мұқтаж ата-аналар үшін жедел желі іске қосылды

Мектепке жол: Көмекке мұқтаж ата-аналар үшін жедел желі іске қосылды

Еліміздің ірі сауда орталықтарында мұқтаж отбасылардың балаларына мектепке дайындық бойынша көмек көрсету пункттері ашылды. Одан бөлек, ата-аналардың сауалдарына жауап беретін жедел желі іске қосылды, деп хабарлайды inform.kz.
«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы 2008 жылдан бастап тұрақты ұйымдастырылып келеді. Аталған көмек аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың балалары, асыраушысынан айырылған және ерекше балаларға бағытталған. Одан бөлек, аталған санаттағы балалар жалпыға бірдей білім беру қорынан да қаржылай көмек алып келеді», -деді Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ-де өткен брифингіде.
Оның айтуынша, аталған қайырымдылық шара дәстүрге айналды.
«Өткен жылы демеушілер мен меценаттар 3 млрд 781 млн теңгеге 204 мыңнан астам оқушыға көмек көрсетті. Биыл қайырымдылық акциясы 1-30 қыркүйек аралығында «Жақсылық жаса» ұранымен өтеді. Азаматтардың өтінішіне назар аудару мақсатында жедел желі іске қосылды. Одан бөлек, ірі сауда орталықтарында мұқтаж оқушыларға гуманитарлық көмек көрсету пункттері ашылды. Балалардың құқығын қорғау комитетінде 74-25-28 жедел байланыс телефонына хабарласуға болады. Сондай-ақ, BALA QORǴAÝ Telegram чаты жұмыс істейді», - дейді ол.
04 тамыз 2023 ж. 162 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 118

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 106

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930