Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүргізушілерді даярлау және олардың емтихан тапсыру ережелеріне өзгеріс енді

Жүргізушілерді даярлау және олардың емтихан тапсыру ережелеріне өзгеріс енді

Қазақстандықтар электрондық үкімет порталы арқылы теориялық немесе практикалық емтихандарды тапсыруға өтініш берген кезде енді биометриялық сәйкестендіру рәсімінен өту қажет.
Үміткерлер осындай рәсімнен емтихан басталмас бұрын, оның барысында және емтихан аяқталғанда өту керек болады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің бұйрығында https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=37120303&pos=0;0#pos=0;0 айтылған, деп жазады inbusiness.kz.
Теориялық емтихан тапсыруға арналған сыныптар сигналдарды басуға арналған арнайы жабдықтармен, бейнебақылаумен және емтихан тапсырудың адалдығын қамтамасыз ететін құралдармен жабдықталуы тиіс.
Егер теориялық емтихан өткізу барысында кандидат материалдармен алмасып, теориялық емтихан тапсыру залынан шығып, қағаз, электрондық тасымалдағыштардағы ақпаратты, сондай-ақ қабылдаушы-беруші электрондық құрылғыларды пайдаланса, емтиханды қабылдау тоқтатылады. Сонымен қатар емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бұзу туралы акті жасалып, кандидатқа "тапсырған жоқ" деген баға қойылады. Теориялық емтиханды қайта тапсыруға жүргізушілікке үміткер кемінде 3 айдан кейін жіберіледі.
Бұдан басқа практикалық емтихан тапсыруға және жүргізуші куәлігін беруге қойылатын талаптар да өзгерген.
31 шілде 2023 ж. 276 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031